Жаңалықтар

Азық-түлік дүкендері жабылмайды

Тұрғындардың қаптап азық-түлік алып, алаңдауына негіз жоқ.

Облыс аумағы мен қаладағы азық-түлік дүкендерінің жұмысы тоқтатылмайды. Олар әдеттегідей санитарлық-дезинфекциялық тұрғыда, күшейтілген режимде жұмыс жасайды.

Дүкен қызметшілері дезинфекциялау құралдарын пайдаланып, жұмыс орнын  күніне екі рет сулы шүберекпен сүртіп алуы керек. Сатушылар бетперде және қолғаппен қамтамасыз етілуі қажет. Бір реттік бетперде мен қолғаптар екі сағат сайын ауыстырылып отыруға тиіс.

Бұл туралы облыстық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті хабарлады.

 К. ҚОПАЕВА.

Басқа жаңалықтар

Back to top button