Жаңалықтар

Әйтеке би ауданына блок-бекет қойылды

Нұр-Сұлтан мен Алматы қалалары карантинге жабылды. Ал Елордадан келетін көліктер Әйтеке би ауданы арқылы өтеді. Осыған орай ауданда коронавирус инфекциясының алдын-алу үшін блок- бекет қойылды.

Нұр-Сұлтаннан келетін барлық көліктер арнайы медициналық тексерістен өтіп, бақылауға алынады.
-Жедел әрекет ету штабының тапсырмасына сәйкес, барлық қоғамдық орындарда, қоғамдық көліктерде оның ішінде такси қызметін атқаратын көліктердің ішіне дезинфекция жұмыстары жүргізіліп жатыр. «Әйтеке би» мен «Әйке» станцияларынан түсетін жолаушылар арнайы дәлізде медициналық тексерістен өтеді. Барлық шаралар аудан тұрғындарының қауіпсіздігі үшін жасалып жатыр. Сондықтан азаматтардан түсіністік танытуын сұраймыз, – деді аудан әкімі аппаратының ұйымдастыру және мемлекеттік-құқықтық жұмыстар бөлімшесінің басшысы Саламат Әбілов.

Кәмшат ҚОПАЕВА.

Басқа жаңалықтар

Back to top button