Жаңалықтар

Ақтөбе облысы әкімінің аппарат басшысы тағайындалды.

Президенті Әкімшілігінің келісімімен Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Оразалиннің 2020 жылғы 20 наурыздағы өкімімен Амангелді Нұғманов жаңа қызметке тағайындалды.
53 жастағы Амангелді Нұғманов Ақтөбе облысы Мәртөк ауданының тумасы.
Қайнар университетін, Халықаралық құқық қорғау органдарының академиясын (Будапешт қ) ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясын тәмәмдаған.
Ақтөбе облысы Мәртек аудандық әкімшілігі Жастар ісі жөніндегі комитетінің төрағасы болып еңбек жолын бастаған. Ақтөбе облыстық кеден басқармасының қызметкері. ҚР Кедендік бақылау агенттігі Кеден ісі саласындағы қылмыстармен және құқық бұзушылықтармен күрес департаменті Кедендік қорғау және тәртіп басқармасының бастығы. Қарағанды облысы бойынша Кедендік бақылау департаменті Кадрларды басқару басқармасының басшысының орынбасары, БҚО бойынша Кедендік бақылау департаменті Кадр басқармасының бастығы, Астана қаласы бойынша Кедендік бақылау департаментінің бастығы, Жамбыл облысы Кедендік бақылау департаментінің бастығы. 2010-2012 жылдары Павлодар облысы Кедендік бақылау департаментінің бастығы қызметтерін атқарды.
2013 жылдан бастап «Батыс Қазақстан облысы бойынша тексеру комиссиясы» мемлекеттік мекемесінің төрағасы болып жұмыс жасады. Нұр-Сұлтан қаласы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаментінің басшысы қызметін атқарды. Осы қызметке тағайындалғанға дейін ҚР Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің Ақтөбе облысы бойынша департаментінің басшысы болды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button