Жаңалықтар

Мейрамбек Шермағанбет Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары болып тағайындалды

20 наурыз, жұма Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Оразалин аппарат отырысында облыс әкімінің әлеуметтік мәселелер жөніндегі жаңа орынбасарын таныстырды. ҚР Президенті әкімшілігінің келісімімен , өңір басшысының бұйрығымен облыс әкімінің орынбасары болып Мейрамбек Шермағанбет тағайындалды.

48 жастағы лауазым иесі Қорқыт-Ата атындағы Қызылорда педагогикалық институтын, Қ.А.Яссауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университеті, Қорқыт-Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеттерінің түлегі. Еңбек жолын 1994 жылы Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданының Кеңес ауылындағы орта мектепте мұғалім болып бастаған. Кейін аталған орта мектептте мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары қызметін атқарды.
Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру және кадр жұмысы бөлімінің басшысы, аудан әкімі аппаратының басшысы лауазымдарында қызмет жасаған.
Әр түрлі жылдары Қызылорда облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары, Қызылорда облысының білім департаментінің директоры, Қызылорда облысының білім басқармасы, тілдерді дамыту басқармаларының басшысы қызметтерін атқарды.
ҚР Білім және ғылым министрлігінің Қызылорда облысы бойынша Білім саласын бақылау департаментінің директоры болып қызмет атқарған.
2015-2016 жылдары аралығында «Ақтөбе облысы әкімінің
Іс басқармасы» мекемесінің басшысы лауазымында қызмет жасады.
Осы лауазымға тағайындалғанға дейін, 2016 жылдан бастап Ақтөбе облысы Қобда ауданының әкімі болып қызмет етті.
Аймақ басшысы Марат Тоқжановқа өңір дамуына қосқан елеулі жұмыстары мен әлеуметтік салаға сіңірген еңбегі үшін алғыс білдіріп, жаңа орынбасарына алдағы бірқатар міндеттерді атап көрсетті.

Басқа жаңалықтар

Back to top button