Жаңалықтар

Бүгін облыс әкімі Оңдасын Оразалин Қобда ауданына жаңа әкім тағайындады

ҚР Президенті Әкімшілігінің келісімімен, Қобда ауданының әкімі лауазымына ұсынылған Болат Құлов кандидатурасына аудандық мәслихат депутаттары бірауыздан қолдау білдірді.
Қобда ауданының активін жаңа басшымен таныстыруға барған облыс əкімі Оңдасын Оразалин жаңа қызметіне сәттілік тілеп, алдағы уақытта абыройлы еңбек ететініне сенім білдірді.
Болат Құлов 1968 жылы туған. Ақтөбе Педагогикалық училищесінің, Алматы Экономика және статистика институттарын тәмамдаған.
Еңбек жолын 1988 жылы Қобда ауданы, Жарық орта мектебінде бастауыш класс мұғалімі болып бастаған.
1997-1998 жылдары аралығында Қобда аудандық газетінің тілшісі,
2000 жылға дейін Қобда ауданы әкімі аппаратында бас маман болып қызмет жасаған.
Әр түрлі жылдары Қобда ауданындағы «Мектептен тыс білім беру» мекемесінің, Қобда ауданы Қарағанды орта мектебінің директоры лауазымдарын атқарды..
Қобда аудандық мәдениет бөлімінің басшысы, Қобда ауданы әкімі аппаратының басшысы қызметтерін атқарды.
Осы лауазымға тағайындалғанға дейін, Қобда ауданы әкімінің орынбасары лауазымын атқарып келді.
Өңір басшысы Мейрамбек Шермағанбеттің осы күнге дейін атқарған жұмыстарына алғыс білдіріп, алдағы жаңа қызметіне сәттілік тіледі.

Басқа жаңалықтар

Back to top button