Денсаулық

Медициналық  бетпердені  қалай  тағу керек?

Қазір талап  бойынша  барлық  жерде азаматтар медициналық  бетперде тағып жүруі керек. Бірақ бетпердені тағудың да өз тәртібі бар.

Облыстық  денсаулық сақтау басқармасының басшысы Әсет Қалиевтың айтуынша, медициналық  бетпердені  біресе тағып, сосын шешіп, сыртын ұстап,  қайта киюге болмайды. Бетпердені  таққан соң қозғамау керек. Ауыстыратын кезде құлаққа кигізетін жібінен ұстап, айналдырып орап, арнайы қоқыс жәшігіне тастаған жөн. Содан кейін қолды антисептикалық сұйықтықпен  сүрту керек.

Ал бұл талапты орындамаған жағдайда бетперденің пайдасынан  зияны көп болмақ.

 Кәмшат ҚОПАЕВА.

Басқа жаңалықтар

Back to top button