Пікір

Уақытымызды тиімді пайдаланайық

Ирина ГОНЧАРОВА,

«Возрождение» неміс ұлттық-мәдени орталығы

«Veilchen» халықтық хорының көркемдік жетекшісі.

Төтенше жағдай кезінде ел ішінде дүрбелең туғызбай, болып жатқан оқиғаларға сабырлықпен, шыдамдылықпен қарау өте маңызды. Ең бастысы, әр азамат өзінің және отбасының қауіпсіздігін ойлап, ауру жұқтырып алудан қорғануы керек. Ол үшін дәрігерлер айтқан ақыл-кеңестерге құлақ түріп, оларды бұлжытпай орындауымыз керек. Бүгінгідей қиын кезеңде халық көп жиналатын орындарға бармай, әсіресе, балаларды үйден шығармауға тырысу керек. Сондай-ақ, балалардың өз уақытын тиімді пайдалануына ықпал етіп, оларды тіл үйрену, көркем әдебиеттер оқу, спортпен айналысу сияқты пайдалы дүниелерге баулу қажет. Бұл олардың жан-жақты болуына, өнерге, спортқа деген қызығушылығының артуына үлкен әсер етеді.

Сонымен қатар төтенше жағдайға байланысты еңбек демалысындағы ересектер де үйде бос отырмай, пайдалы нәрселермен шұғылдануы керек. Себебі кез келген адам өзін дамытса, спортпен шұғылданып, денсаулығына бейжай қарамаса, ешқашан ауру жоламайды.

«Дені саудың — жаны сау» демекші, денсаулығымызға салғырт қарамайық!

 

Басқа жаңалықтар

Back to top button