Пікір

Бәріміз сыналатын сәт

Мұхтарита САҒЫНДЫҚОВА,

мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіподағының облыстық филиалының төрайымы.

Бүгінде бәріміз коронавирустың жаһандық пандемияға ұласқанына көзіміз жеткен уақытта Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті-Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына Үндеуі қуат беретіні сөзсіз.

Баршаға мәлім індеттің географиялық өрісі үздіксіз кеңейіп, құрбандарының саны да өсіп келеді. Бұл жағдайды халықаралық экономикалық дағдарыс — шикізат, валюта және қаржы нарықтарының құлдырауы ушықтыра түсуде. Мұның бәрі біздің елді де айналып өтпейтіні анық. Сонымен қатар Елбасы бұл ахуал бір жағынан 1990-жылдардың басындағы жағдайға ұқсайтынын, ол кезде де өте қиын жағдай болғанын айтты. Осындай ауыр кезеңде Нұрсұлтан Назарбаев бәрімізді ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Үкімет тарапынан іске асырылып жатқан шұғыл шараларды қолдауға шақырады.

«Кемедегінің жаны бір» дегендей, біз Елбасының айтқанына толықтай қосамыз, жалпыжұрттық істен ешқайсымыз тыс қалмаймыз.

Басқа жаңалықтар

Back to top button