Пікір

Бірімізге біріміз демеу болсақ…

Роза ДОЛЖЕНКО,

облыстық «Оксана» украин ұлттық-мәдени

орталығы төрағасының орынбасары.

Қазақстан — бүгінде 130-дан астам этнос татулық пен келісімде өмір сүріп жатқан көпұлтты мемлекет. Қазақстан бүгінге дейін әлемнің басқа мемлекеттері үшін ұлтаралық келісімнің, тұрақтылық және орнықты дамудың үлгісі бола алды. Бұрынғы Кеңес Одағының бірде-бір мемлекетінде ұлттар мен диаспоралар осындай келісімде өмір сүріп жатқан жоқ. Бүгінгі күні қоғамда тұрақтылықты сақтау — мемлекетіміздің негізгі саясаты. Осы орайда біз, өзге ұлт өкілдері, татулық пен бірлікті бағалап қана қоймай, елімізде болып жатқан оқиғаларға үнемі алаңдап отырамыз.

Қазіргі кезде елімізде төтенше жағдай жарияланып, Қазақстанның астанасы мен миллиондаған халқы бар Алматы қаласы карантинге жабылды. Әуе, көлік қатынасы тоқтап, халық коронавирустан қорғану үшін үйде отыруға мәжбүр. Қазіргі жағдай біздің сабырлығымызды ғана сынап қоймай, осы елде тұрып жатқан этнос өкілдерінің өзара ауызбіршілігін, татулығын да дәлелдейтін сәт деп ойлаймын. Сондықтан осындай қиын кезеңде бір-бірімізге демеу болып, қолдау көрсетіп, пандемияға шалдыққан науқастардың тезірек жазылуын тілейік.

Мен украин ұлттық-мәдени орталығы мүшелері атынан барлық қазақстандықтарға денсаулық және амандық тілеймін.

 

Басқа жаңалықтар

Back to top button