Жаңалықтар

Нақтылап алмай, ешкімге есік ашпаңыз!

Елімізде жарияланған төтенше жағдай режиміне байланысты Ақтөбе облысының Полиция департаменті ақтөбеліктерді қырағы және сақ болуға, алаяқтардың арбауына түспеуге шақырады.
«Бейтаныс адамдарға есікті ашпаңыз, себебі алаяқтар сізге дезинфекция жұмыстарын жүргізу, коронавирусқа медициналық тексеру және басқа да сылтаумен келуі мүмкін. Қазіргі таңда коронавирусқа байланысты алаяқтық фактілері тіркелген жоқ, алайда сізден мұқият болуды сұраймыз.
Осындай жағдайларда дереу 102 телефоны бойынша полицияға хабарласыңыз және осындай тексеру жұмыстары сіздің тұратын ауданыңызда жүргізілетінін немесе жүргізілмегенін анықтаңыз», — делінген Полиция департаментінің хабарламасында.
Айта кетейік, 2020 жылғы 19 наурыздағы жағдай бойынша Ақтөбе облысы бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақты, коронавирус жағдайы тіркелген жоқ.

Мейрамгүл РАХАТҚЫЗЫ.

Басқа жаңалықтар

Back to top button