Пікір

Әр адам жауапкершілікпен қарауы керек

Серік АҚШОЛАҚОВ, медицина ғылымдарының  докторы, профессор, ҚР ҰҒА академигі,  Қазақстанның Еңбек Ері,  «Ұлттық нейрохирургия орталығы»  АҚ  Басқарма төрағасы, ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің  штаттан тыс бас нейрохирургі:

Қазір елдегі эпидемиологиялық жағдайды бәріміз жақсы білеміз. Бұндай кезде тұрғындар мүмкіндігі келгенше үйден шықпағаны жөн. Коронавирустан сақтанудың қарапайым жолы — тазалық. Ол:

 

– қол мен тыныс алу органдарының гигиенасын сақтау;

 

– қолды 20-30 секунд бойы сабынмен жуу;

 

– адамдар көп жиналған жерге бармау;

 

– иммунитетті жоғарылату:  дұрыс ұйықтап, тамақтану, спортпен айналысу,  бөлмені желдетіп тұру;

 

– жедел респираторлық-вирустық инфекциялары анықталған адамдармен араласпау.

 

Әр адам осы ережелерді сақтап, денсаулығын мұқият күткені дұрыс. Егер  аурудың алғашқы белгілері байқалса, уақыт оздырмай  103 нөміріне қоңырау шалу керек.

Қазір ел аумағында коронавирус індетінің таралуына қарсы қабылданған шешімдерді жүзеге асыру үшін қарқынды жұмыстар жүргізіліп жатыр.  Сауда орындары, халыққа қызмет көрсету орталықтары, театр, кинотеатр сияқты халықтың көп жүретін орындары жұмыстарын тоқтатуда немесе жұмыс уақытын қысқартып, дезинфекциялық шараларын күшейтіп жатыр. Бұндағы басты мақсат —  халықтың бір-бірімен қарым-қатынасын барынша шектеу арқылы вирустың таралуына жол бермеу. Осыны әрбір адам түсінуі керек. Той-томалақты кейінге ысырып, жауапкершілікпен қарауы тиіс. Қазір елімізде төтенше жағдай жарияланды. Көптеген мекемелер жұмыс тәртібін өзгертті. Ұлттық нейрохирургия орталығы да қашықтықтан жұмыс істеу режиміне көшті. Сондықтан әр адам қазіргі жағдайды ескеріп, өз денсаулығына жауапкершілікпен қарауы керек.

 

Басқа жаңалықтар

Back to top button