Жаңалықтар

Ірі сауда орталықтары 10.00-18.00 аралығында ғана жұмыс істеуі мүмкін

Президенттің елде төтенше жағдай жариялауына және халықтың өмір қауіпсіздігін сақтау мақсатында Сауда және интеграция министрлігі бірқатар шараларды қабылдау жөнінде кеңес берді.

«10-нан кешкі 18.00-ге дейін ғана жұмыс істегені жөн. Осы аралықта санитарлық қауіпсіздік талаптары қатаң сақталуы тиіс. Сауда орталығының аумағындағы кинотеатр, балалар орталығы, кез келген ойын-сауық алаңдары жабылады. Азық-түлік дүкендері, азық-түлік сататын супермаркеттер және азық-түлік базарлары қалыпты режимде жұмыс істей береді. Тек санитарлық дезинфекциялық шаралар күшейтіледі» делінген министрліктің хабарламасында. Министрлік санитарлық қауіпсіздік шараларын күшейту жөніндегі басқа да ақыл-кеңесін кейінірек қосымша хабарлайды.

www.inform.kz

Басқа жаңалықтар

Back to top button