Жаңалықтар

Қазақстанда пандемияға байланысты қоғамдық іс-шаралар уақытша тоқтатылады

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы  коронавирусты пандемия деп жариялауына байланысты Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанда қоғамдық іс-шаралар уақытша тоқтатылатынын хабарлады. Бұл туралы ол Twitter парақшасында жазды.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы коронавирусты пандемия деп жариялады. Үкімет арнайы алдын алу шараларын қолға алады. Қоғамдық іс-шаралар уақытша тоқтатылады. Азаматтар азық-түлікпен және ең қажетті тауарлармен үздіксіз қамтылады. Шағын және орта бизнес зардап шекпеуі тиіс. Ең бастысы — азаматтарымыздың денсаулығы. Біз қиыншылықтарды #Birge еңсереміз, — деп жазды Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Twitter парақшасында.

«Egemen Qazaqstan».

 

Басқа жаңалықтар

Back to top button