Басты бет » Денсаулық » Облысқа 1 млрд 650 млн теңгенің дәрі-дәрмегі жеткізілді

Облысқа 1 млрд 650 млн теңгенің дәрі-дәрмегі жеткізілді

Бүгінгі жағдай бойынша Ақтөбе облысындағы медициналық мекемелерге 1 млрд теңге көлеміндегі дәрі-дәрмектің 346 түрі жөнелтілді. Қазіргі таңда 470 миллион теңгеден астам соманың дәрісі пациенттерге берілді.

«СК-Фармация» мәліметінше, Ақтөбе облысындағы барлық медициналық ұйымдарға 2020 жылға 4,3 миллиард теңге көлеміндегі сомаға  препараттар мен медициналық бұйымдар қажет. Айта кетсек, стационарда емделіп жатқандар үшін өңірге 645 миллион теңгенің дәрісі жіберілді, ал стационардың жалпы бір жылдық қажеттілігі — 3,3 миллиард теңгенің дәрі-дәрмегі.

Стационарларға, сондай-ақ медициналық ұйымдарға амбулаторлық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету үшін дәрілер жеткізілді. Диспансерлік есепте тұрған азаматтар рецепт бойынша тегін дәрілерін алуларына болады.

 «СК-Фармация» баспасөз қызметі.