Жаңалықтар

Департамент бастығы тағайындалды

ҚР Ішкі істер министрінің бұйрығымен облыстық төтенше жағдайлар департаментінің бастығы болып азаматтық қорғау полковнигі Марғұлан Аманбаев тағайындалды. Ол бұған дейін Нұр-Сұлтан қаласы төтенше жағдайлар департаменті «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару қызметі» мемлекеттік мекемесін басқарған.

Жаңа басшыны Ақтөбе гарнизонының жеке құрамына Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитеті төрағасының орынбасары Марат Күлдіков таныстырды. Ол содан кейін Ақтөбе гарнизоны автокөлік паркінің жаңа арнайы техникалары мен өрт-құтқару құралдарын көріп, өрт сөндірушілердің спорттық жабық алаңында, №2 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің мұражайында болды.

Сондай-ақ, құтқарушылардың жұмыс жағдайларымен танысты.

 Н.ДАБЫЛОВ.

Басқа жаңалықтар

Back to top button