Спорт

Зілтеміршілеріміздің жеңісі

Чемпионат

Мүмкіндігі шектеулі жандар арасында зілтемір көтеруден командалық Қазақстан чемпионатында  қос жерлесіміз жеңімпаз бен жүлдегерлер тұғырына көтерілді.

45 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Гүлім Құрманбаева біріншіліктің алтын медалін иеленіп қана қоймай, әйелдер арасында жаңа рекорд орнатты. Ол өзіне берілген үш мүмкіндіктің соңғысында 83 келі зілтемір көтеріп, 7-8 жылдан бері сақталып тұрған нәтижені жаңартты. Бұған дейін бұл салмақтың зілтеміршілері 82 келіні көтерумен шектелген.

Сонымен қатар 54 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Азамат Марат біріншіліктің күміс жүлдесіне қол жеткізді.

Бұл жарыста Қазақстанның барлық өңірінен 16 команда сапында 120-ға жуық спортшы бақ сынап жатыр. 15 наурыз бен 13 сәуір аралығында мүмкіндігі шектеулі зілтеміршілерімізге Сочи қаласында оқу-жаттығу жиынынан өту жоспарланған, бірақ коронавирустың таралуына байланысты жаттығу Алматы қаласына ауыстырылды. Төртжылдықтың басты додасы Токио Олимпиадасы алдындағы Әлем кубогы да кейінге шегерілді.

                                                                                                            Бекет АЙСҰЛТАН.

Басқа жаңалықтар

Back to top button