Абай — 175

Абай мұрасы — рухани қазына

 Көрме

Бұдан бұрын хабарлағанымыздай, Ақтөбе облыстық тарихи-өлкетану музейінде «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық қорық-музейінің «Абай мұрасы — рухани қазына» атты көшпелі көрмесі ашылды.

Жиынға ақтөбелік зиялы қауым өкілдері, ардагерлер, мәдениет саласының қызметкерлері, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің студенттері қатысты. Жиналғандар алдында еңбек ардагері Өтеміс Әкімов, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің ректоры Бауыржан Ердембеков, «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық қорық-музейінің ғылыми хатшысы Раушан Елекенова сөз сөйлеп, Абай Құнанбайұлының 150 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылған көрменің маңыздылығын атап өтті. Облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Нұрхан Кәдірбаев қорық-музей ұжымына облыс әкімдігінің Алғыс хатын табыстады.

Салтанатты түрде лента қию құрметі Өтеміс Әкімов пен Раушан Елекеноваға берілді.

Бұдан соң жиналған көпшілік көрме залына өтті. Көрмеге 50-ден астам экспонат қойылып отыр. Олардың қатарында Абай Құнанбаевтың 1885 жылы Семей өлкетану музейіне берген заттары — ер-тоқым, кісе белбеу, асатаяқ, сыбызғы, тоғызқұмалақ секілді жәдігерлер, сондай-ақ ұлы ақын оқыған Семейдегі Ахмет Риза медресесінің шатырынан табылған араб тіліндегі оқулықтар, Абайдың үшінші әйелі — Еркежанның киімі бар.

Көрмені ақтөбеліктер 27 наурызға дейін тамашалай алады.

И.ЖАЙМАҒАМБЕТОВА.

Басқа жаңалықтар

Back to top button