Спорт

Облыс әкімі Юсуп Батырмырзаевпен кездесті

Сәрсенбі күні облыс әкімі Оңдасын Оразалин НьюДелиде өткен еркін күрестен екі дүркін Азия чемпионы атанған жерлесіміз Юсуп Батырмырзаевпен кездесті.

Кездесуге облыстық денешынықтыру және спорт басқармасының басшысы Евгений Гончаров, облыстық грек-рим, еркін және әйелдер күресі федерациясының вице-президенті Дәурен Жабасов, жеке жаттықтырушы Бауыржан Нұрмаханов, т.б қатысты.
Өскелең ұрпақтың әлем алдында көк туымызды биікке көтеріп, жеңіске жетуі — біз үшін зор қуаныш, әрі абырой. Ақтөбе облысының ғана емес, бүкіл қазақ елінің мақтанышына айналған азаматымызды қашан да қолдауға әзірміз, алдағы уақытта да спорт саласында жаңа белестерді бағындыруына тілектеспін, — деді облыс басшысы.
Басқосуда Дәурен Жабасов пен Юсуп Батырмырзаев облыс әкіміне алғыстарын білдірді.
Бүгінде өңірде спорт саласының дамуына және жасөспірімдердің спортпен шұғылдануына жағдай жасалуда, жаттығу залдары көптеп салынып жатыр. Жарыс өте тартысты өтті, жерлестерімнің қолдауына ризамын, — деді Азия чемпионы ризашылығын білдіріп.
Айта кету керек, 24 жастағы спортшы өткен жылы жасөспірімдер арасында Азия чемпионы атанды. Ал биыл 16-25 ақпан аралығында ересектер арасындағы грек-рим, еркін және әйелдер күресінен өткен Азия чемпионатында барлық қарсыластарын жеңіп, екі дүркін Азия чемпионы атанды. Мәселен, бірінші тартыста жерлесіміз тәжік палуанын, екінші кездесуде үнді палуанын, жартылай финалда Иран палуанын 10:0 есебімен жеңді. Ал финалда моңғолиялық балуанды жеңіп, чемпион атанды.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Басқа жаңалықтар

Back to top button