Жаңалықтар

Облыстық филиал төрағасының орынбасары тағайындалды

Nur Otan

Өткен жұмада Nur Otan партиясы облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ербол Данағұлов партия активіне жаңа лауазым иесін таныстырды.

Nur Otan партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбектің бұйрығымен партияның Ақтөбе облыстық филиалы төрағасының орынбасары қызметіне Бағжан Тілегенов тағайындалды. Ербол Данағұлов Бағжан Тілегеновтің жаңа қызметіне сәттілік тілеп, осы қызметті абыроймен атқаратынына, ұжыммен қоян-қолтық жұмыс істейтініне сенім білдірді.
Бағжан Тілегенов 1982 жылы Шалқар қаласында дүниеге келген. 2003 жылы Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетін кеден ісі мамандығы бойынша бітірген. Ол алғашқы еңбек жолын Ақтөбе облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп департаментінің іс жүргізу жөніндегі инспекторы болып бастады. Әр жылдары осы департаменттің жетекші маманы, бас маманы, сауда, өнеркәсіп бөлімдерінің басшысы, департамент басшысының орынбасары, кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасы басшысының орынбасары, кәсіпкерлік басқармасының басшысы, Мәртөк ауданы әкімінің орынбасары қызметтерін атқарды.

2018 жылдан бастап Ақтөбе қаласына қарасты Астана ауданының әкімі болып қызмет етті. Ол — 2011 жылдан бері Nur Otan партиясының мүшесі.

Басқа жаңалықтар

Back to top button