Жаңалықтар

Жемқорлықтың алдын алу тиімді 

Бүгінгі күні сыбайлас жемқорлық көріністерінің алдын алу, оны болдырмау бағытындағы жұмыстарға ерекше басымдық берілуде. Облыстық төтенше жағдайлар департаментінде өткен кездесуде ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Ғалымбек Досанов қоғамда орын алып отырған қатерлі дерттің зардаптары туралы баяндай келе, оған тосқауыл қоюдың тиімді жолы сана тазалығына назар аудару, әрбір адамның, оның ішінде белгілі бір лауазым иесінің заңдылықтарды қатаң сақтау бағдарын ұстануы екендігін айтты. Сонымен бірге, республика ауқымында атқарылып жатқан ауқымды іс-шаралар жөнінде де таныстырды.

Жиында облыстық төтенше жағдайлар департаменті бастығының міндетін атқарушы Асқар Төлешов ұжымдағы ахуал, жемқорлықты болдырмау тұрғысынан белгіленген жоспарлар жөнінде баяндады.

Департамент қызметкерлері алдында жемқорлыққа қарсы облыстық ақпараттық-ағартушылық штабының мүшелері — «Ақтөбе Медиа» ЖШС директоры Раукен Отыншин, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Жақсылық Айжанов, сондай-ақ, департамент бастығының орынбасары Қайрат Қасым, департаменттің басқарма бастығының орынбасары Құмар Тұрмағамбетов сөз сөйлеп, қозғалған тақырып бойынша өздерінің ойларын ортаға салды, пікір-ұсыныстарын білдірді.

А.БЕРКІНБАЕВ.

Басқа жаңалықтар

Back to top button