Абай — 175

Рухани темірқазық

С.Бәйішев  университетінде Мемлекет басшысы ҚасымЖомарт Тоқаевтың «Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан» мақаласы аясында Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына орай «Асыл сөзді іздесең, Абайды оқы, ерінбе…» атты әдеби кеш өтті.

Университеттегі педагогика және психология кафедрасының ұйымдастыруымен өткен шараға профессорлық-оқытушылар құрамы мен студенттер қатысты.

Кеш шымылдығы Абай Құнанбайұлының дүниеге келуі, оқуға аттануы туралы қойылған көрініспен ашылды.

— Абай Құнанбайұлының 150 жылдық мерейтойы ЮНЕСКО көлемінде аталып өтілді. Биыл да көптеген ауқымды шаралар жоспарланды. Мемлекет басшысы атап өткендей, бұл мерейтой қазақ еліне ой салатын той болуы тиіс. Абай — ұлтымыздың рухани темірқазығы, мәдени бастауы екендігі белгілі. «Рухани жаңғыру» бағдарламасы Абай мұралары арқылы ұлттық құндылықтарымызды түгендеуге арналған. Абайдың 175 жылдығына байланысты университеттің ресми ғылыми кеңесінде іс-шаралар жоспары бекітілді. Оның ішінде ғылыми танымдық дәрістер, Абай өлеңдерінен байқау өткізу, сондай-ақ жаз мезгілінде «Абай еліне саяхат» жобасын ұйымдастыру жоспарланып отыр. Абай әлемін ХХІ ғасырда жаңа форматта тануымыз керек. Осындай шаралар арқылы жастарды тәрбиелейміз, — дейді аталған университет жанындағы «Рухани жаңғыру» орталығының директоры Мұхтар Миров.

Кеш барысында студенттер Абайдың өлеңдері мен қарасөздерін оқыды. Өнерлі жастар ақынның әндерін шырқап, күмбірлете күй шертті.

Ақбота ҚАЛДЫБЕК.

Басқа жаңалықтар

Back to top button