Экономика

Шалқарда сабын шығарылады

Шалқар ауданында жеке кәсіп ашып, шаруасын дөңгелентіп, халықтың алғысына бөленіп жүрген кәсіпкерлер жетерлік. Солардың бірі — Шалқар қаласының тұрғыны Нұрбек Мұхамбеталин.  Ол өткен жылдың қазан айында қаладан шағын ғимаратты жалға алып, шаруашылық мақсатында пайдаланылатын кір сабын шығаратын цех ашты.

— Ұзақ уақыт бойы жеке ісімді ашу жөнінде ойланып жүрдім. Содан халық күнделікті шаруашылықта көп пайдаланатын кір сабынды шығаруды жөн көрдім. Қажетті арнайы құрал-жабдықтарын Алматы қаласынан алдыртып, кәсібімді бастап кеттім. Оған қажетті шикізат өнімдері Қостанай, Қарағанды, Ақтөбе қалаларынан келеді. Аппараттың тәулігіне 200 грамнан 2000 дана, 300 грамнан 1500 дана сабын шығаруға толық мүмкіндігі бар. Сапасы жақсы, халық сұранысына ие.

Отандық өнімнің өрлеуіне атсалысып жүрген кәсіпкерлерге мемлекет тарапынан қайтарымсыз несие берілсе, ісіміздің дамуына үлкен қолдау болар еді, — дейді Нұрбек Мұхамбеталин.

Кәсіпкер әзірге бір адамды тұрақты жұмыспен қамтамасыз етіп отыр. Алдағы уақытта басқа да шаруашылыққа қатысты өнім түрлерін шығаруды жоспарлауда.

Сағымбек ҰЛЫҚПАНОВ,

Шалқар ауданы.

Басқа жаңалықтар

Back to top button