Құқық

Ішімдік ішіп көлік жүргізгендер қатаң жазаланады

Қазір ішімдік ішіп көлік жүргізген жүргізушілер қатаң жазаланады.  Ақтөбенің 53 жастағы тұрғыны мас күйінде көлік жүргізгені үшін 5 жылға сотталып  және  өмір бойы жүргізуші куәлігінен айырылуы мүмкін.

18 ақпан күні полицейлер Богослов трассасының айналма жолында «Ваз-2114» автокөлігін тоқтатады. Көлікті жүргізген адамның  ішімдік ішкені анықталды. Автокөлік арнайы тұраққа қойылды. Жүргізуші қазір қаладағы  уақытша қамау изоляторында отыр. Облыстық ішкі істер департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше,  елімізде 2020 жылдың 11 қаңтарынан бастап көлікті мас күйінде жүргізгені үшін жауапкершілікті күшейту туралы заң күшіне енді.

Заң күшіне енген сәттен  бастап,  облыста мас күйінде көлік жүргізген 18 адам тіркелді.

Кәмшат ҚОПАЕВА.

Басқа жаңалықтар

Back to top button