Жаңалықтар

Базарларға дезинфекция жүргізіледі

Облыста коронавирустан сақтану шаралары қарқынды түрде жүргізіліп жатыр. Ақтөбе қаласындағы халық көп жиналатын сауда орындары мен қоғамдық жерлерге дезинфекция жасалуда.

Сәрсенбі күні қаланың Оңтүстік-батыс ауданындағы «Табыс» коммуналдық базарына дезинфекция жасалды. Сауда орны мен оған іргелес аумақтардың барлығы қамтылды.

Қалалық  тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасының  бөлім басшысы Лолита Дудаеваның айтуынша, бұндай сақтық шаралары әлі де жалғасады. Әуежай, теміржол вокзалы және автовокзал аумағында оқу-жаттығу өткізілді.

— Дезинфекция жасау және жаттығу жұмыстарына қала тұрғындарының түсіністікпен қарауын сұраймыз, — дейді Л.Дудаева.

Дезинфекция жұмыстары қаладағы «Жилгородок», «Алтай» және Орталық базарлар мен 41-разъездегі көтерме базар аумағында да жүргізіледі.

Кәмшат ҚОПАЕВА.

Басқа жаңалықтар

Back to top button