Жаңалықтар

Сайлау алдындағы әңгіме

Мәслихат

Ақтөбе қаласы әкімдігінде саяси партия филиалдарының өкілдерінің қатысуымен алдағы сайлау процесінде жаңа технологияларды қолдану бойынша ұсыныстарды талдау және дайындауға қатысты жиын өтті.

Жиынға аумақтық сайлау комиссиясының төрайымы Жездігүл Мұханова, сондай-ақ, Nur Otan, «Ауыл», «Ақжол», Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы, Қазақстан коммунистік халық партияларының өкілдері қатысты. Қалалық мәслихаттың хатшысы Сұлупан Шынтасова:

  • Бізде саяси ахуал тұрақты. Әр партия жан-жақты, оңтайлы, қызықты бағдарлама ұсынады. Егер идеялар, ұсыныстар біздің аймақтың дамуына, халықтың өсуіне байланысты болса, біз саяси жұмыстармен өзара іс-қимылмен айналысатын боламыз. Сондықтан да аймақтың әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсарту бойынша нақты шараларды ұсыну керек, — деді.  

Одан соң қатысып отырған партия өкілдері өздерінің ұсыныс-пікірлерін ортаға салды. Бұл жерде біз Nur Otan партиясының қалалық филиалында 14 мың мүше, 36 бастауыш партия ұйымы барын білдік. Тек бір ғана «Қазхром» компаниясында үш мыңнан астам мүше бар екен. Сондай-ақ, қатысушылар Мәжіліс пен мәслихат депутаттарының алдағы сайлау процесі және оны одан әрі жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу туралы пікірлесті. Жергілікті билік пен партиялардың аймақтық филиалдарының өзара әріптестігін жақсарту туралы да әңгіме қозғалды.

А.БАЛЖАНАЙ.

Басқа жаңалықтар

Back to top button