Денсаулық

Тісің сау болсын…

Тістің күтімін сәби шақтан бастау керек. Оны күтіп, сақтау кішкентай балалардың ата-анасының міндеті болса, ересектер өз денсаулығы үшін мән бергендері дұрыс. Ағзаның ауырмауына тістің де көп әсері бар. Дұрыс шайналмаған ас қарынға түсіп, асқазанға салмақ салады. Осыдан гастрит, қарын жарасы ауруларына душар болуы мүмкін. Тісі түгел емес адамдардың бет пішінінде де өзгерістер болады. Өз құрдастарынан бірнеше жылға үлкен болып көрінеді.Сөйлеген сөздері де түсініксіз естіледі.

Жылына екі рет тіс дәрігеріне көрініп тұрсаңыз, көптеген қолайсыздықтардың алдын аласыз.  Көптеген микроптар ауыз қуысында сақталады. Тістің тез бұзылатыны да сондықтан.

Соңғы кезде стоматология саласында көптеген жетістіктер болып жатыр. Жасанды тістер салып, түрлі емдеу жолдарын жасайды.

Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, 25 жас пен 40 жас аралығындағылардың 40 пайызы тіссіз болса, 40 пен 60 жас аралығындағылардың 60 пайызында тіс жоқ екен. Бұл бүгінгі күні тіс мәселесінің өршіп тұрғандығын  көрсетеді. Сондықтан, тіске жеңіл қарамай, жақсылап күтім жасаған жөн.

Бірлік ЖҰМА,

тіс дәрігері.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button