Абай — 175

Абай жаққан бір сәуле

Алматыда өткен І республикалық «Абай жаққан бір сәуле» атты жас ақындар мүшәйрасында ақтөбелік Нұрболат Төлеш 1-орынға ие болды.

Мүшәйра қазақтың бас ақыны — Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына орай «Мәңгілік ел жастары» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен өткен.

Мүшәйраға еліміздің түкпір-түкпірінен келген 60-тан астам жас ақын қатысыпты. Солардың арасынан бірінші жүлдені иемденген Нұрболат Төлеш Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті жанындағы «Тарлан» колледжінің І курсында оқиды. Мүшәйрада ол қазылар алқасын «Мен қазақпын», «Ақын рухына» атты өлеңдерімен сүйсіндірген.

Өз тілшіміз.

Басқа жаңалықтар

Back to top button