Жаңалықтар

Құрылыс неге ұзаққа созылады?

Облыс басшысы Оңдасын Оразалин Ақтөбенің «Нұр Ақтөбе» шағын ауданында салынып жатқан  қазандықты кеңейту жұмыстарымен танысты.

Аталған жұмысты  «КазТеплоЭнергоМонтаж» мердігер мекемесі 2017 жылы бастаған. Келісімшарт бойынша 2020 жылдың наурыз айында пайдалануға беруі тиіс. Құрылыстың    баяу жүріп жатқанын айтып өткен облыс әкімі қазандықты кеңейтуді сапалы әрі уақтылы аяқтауды тапсырды. Сонымен қатар «КазТеплоЭнергоМонтаж» мекемесінің жұмысшылары жалақыларының кешіктіріліп отырғандығын жеткізді. Компанияға келісімшартта көрсетілген 1,5 млрд теңге түгелдей берілген. Алайда компания қазандықты ұлғайту жұмыстарын әлі созылып келеді.

Компания басшысы Алмас Исмағұлов облыс әкіміне жуық арада банктегі қаражат  мәселесі шешілген жағдайда  барлығын қалпына келтіретіндігін айтып сендірді.

Бұдан соң, облыс басшысы «Нұр Ақтөбе» тұрғын үй массивіндегі 900 орындық орта мектептің құрылысы қарқынын тексереді.

«АқтөбеЭлектросетьстрой» ЖШС мердігер мекемесі 2017 жылы мектеп құрылысын бастаған болатын. 2020 жылдың қаңтар айында тапсыру керкк еді. Облыс әкімі Оңдасын Оразалин мектеп ішінде жүргізіліп жатқан құрылыс жұмыстарының  сапасына қатысты сын айтты. Мердігер компанияның басшысы Болат Күшкенов пен қала әкімі Мавр Абдуллинге аталған мәселелерді жақын арада шешуді, құрылыстың сапалы болуын қатаң қадағалауды тапсырды. Аталған мекемеге де келісім шарттағы 1,5 млрд теңгенің 1,3 млрд  теңгеден астам бөлігі берілген.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Басқа жаңалықтар

Back to top button