Пікір

Ұлы даланың иесі қазақ екенін ұмытпағанымыз жөн!

Шахбаз ДЖАМАЛОВ,

Ақтөбе қаласындағы «Әзірбайжандар қауымдастығы» республикалық қоғамдық бірлестігі  филиалының директоры.

Жамбыл облысының Қордай ауданында болған қайғылы жағдай жанымызға қатты батты, қаза болғандардың отбасыларына көңіл айтамын. Қазақ жері әуелден түрлі ұлт өкілдерінің атажұртына  айналды, біз осы Ұлы даланың иесі қазақ екенін ұмытпағанымыз жөн.

Біз, түрлі ұлт өкілдері барлық ұлттарды бауырына басқан қазақ халқымен татулықта, бірлікте, достықта бір аспанның астында өмір сүріп келе жатырмыз.

Біз, Ақтөбе облысындағы әзірбайжандар бірлестігі филиалының мүшелері атынан тұрғындарды ұлтаралық татулықты, бірлікті, достықты сақтауға, сабырлылық танытуға, арандатушылыққа бой алдырмауға шақырамыз!

Осындай  қайғылы жағдай енді қайталанбасын, адам қаны төгілмесін деп тілейміз! Тұрмыстық сипатта ушыққан бұндай қақтығыстарды болдырмауға барлық күшімізді саламыз, жапа шеккендерді сабырға шақырамыз!

Басқа жаңалықтар

Back to top button