Пікір

Ұлтаралық қатынастар мәдениетін дамытуымыз керек

Кеңес БІРМАНОВ,

облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы.

Көпұлтты мемлекетіміздегі маңызды міндеттердің бірі — ұлтаралық қарым-қатынастарды нығайту, ұлттар мен ұлыстар арасында татулық пен достықты, тұрақтылықты сақтау. Мемлекетіміздің басты байлығы — еліміздің татулығы. Себебі бірлігі жарасқан бейбіт елде ғана береке болады. Қордай ауданында болған жағдай кім-кімнің де алаңдаушылығын туғызды. Бұл жөнінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәлімдеме жасап, қаза болған азаматтардың отбасына көңіл айтты. Әрине, зардап шеккен отбасыларға тиісті көмек те көрсетілер, жағдай да жасалар. Алайда бұл бір күнде аспаннан түскен жай емес, ұлттар арасында бірнеше жылдан бері қордаланып келген мәселеге ұқсайды. Меніңше, бұл жерде құқық қорғау органдарының да жіберген қателіктері бар сияқты. Жергілікті жердегі тұрғындардың мәселесін шешу сол аймақтағы атқарушы органдардың бақылауында болуы керек. Егер мәселе дер кезінде шешілсе, мұндай ушығу болмас еді. Ең бастысы — жеке адамдардың әрекетін тұтас ұлтқа телуге әрі арандатушылыққа жол бермеуіміз керек.

Ұлтаралық қарым-қатынасты сақтау, келісімді нығайту — өте күрделі мәселе. Бұл заң аясында ғана шешіледі.  Мұндай жағдайларды болдырмаудың бір жолы — ұлтаралық қатынастар мәдениетін дамытуға күш салуымыз керек. Ол үшін патриоттық тәрбие берудің маңызына көбірек көңіл бөліп, ұлттық құндылықтарымызды дәріптей білуіміз қажет.

Басқа жаңалықтар

Back to top button