Пікір

Бір жылдың белесі — ауызсу, жол, спорт кешені

Бекболат ИМАНҒАЛИЕВ,

Ойыл аудандық жұмыспен қамту

 және әлеуметтік бағдарламалар

бөлімінің басшысы.

Облыс әкімі Оңдасын Оразалиннің есебін онлайн режимінде тікелей көрсетілімнен бастан-аяқ тыңдауға мүмкіндік туды.  Оның алдында газет бетінен тезистерімен танысқан болатынмын. Облыс бойынша бірқатар мәселелер айтылып, көптің сұрағына тұшымды жауап берілді. Ең алдымен, халықтың тұрмысының жақсаруы, тұрғындардың жұмыспен қамтылуы. Облыс әкімі бұл жөнінде шетелдік мұнай компанияларында жергілікті жұмысшылардың қатарын көбейтуге күш салатынын айтты. Ойыл ауданында жыл басынан бері 40 адам жұмыспен қамтылды. Бұған дейін де ауданымызда өңір басшысының қолдауымен біраз ауқымды жұмыстар атқарылып жатқанына куәміз. Ал биылғы жылы облыстық бюджеттен ақша бөлініп, үш ауылға ауызсу тартылатын болды. Бұл Ақшатау, Ақкемер, Көсембай тұрғындарының бірнеше жылдан бері айтып келе жатқан басты тілегі. Селомыздың 4 көшесі жөнделетіні аудан тұрғындары үшін жағымды жаңалық болды. Өйткені, жол мәселесі барлық жерде көп қаражатты қажет ететін шаруа. Соған қарамастан осы жылы ауданымыздың ең шалғай нүктесі Қараой селосына жол салу құрылысы бітеді. Биыл аудан орталығынан жаңа үлгіде денешынықтыру-сауықтыру кешені салынады. Бір жыл ішінде мұндай жұмыстарды игеру бұрын болмаған. Бұл да облыс басшысының ойдағы елге деген ықыласы деп білеміз. 

Басқа жаңалықтар

Back to top button