Пікір

Тек жақсылық күтеміз!

Мұхит ҚАБЫЛОВ,

Шұбарқұдық ауылының тұрғыны.

Сөз жоқ, соңғы жылдары еліміздің, қала берді ауданымыздың әл-ауқаты артып, тіршілігіміз жақсарып келеді.

Соңғы бір жылда ауданымызда біраз шаруалар атқарылып, аудан әкімі өз есебінде алда тұрған жаңа міндеттерге тоқталып кетті. Аудан тұрғындарының басым көпшілігі көгілдір отынмен қамтамасыз етілген. Ауызсу, қатынас, байланыс дегендей мәселелер де шешімін табуда.

2020 жылы ауданда бірқатар ауылішілік  автомобиль жолдарына, кәріз желілеріне күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп, Қалмаққырған, Шығырлы, Еңбекші елді мекендерінде су желілерінің құрылысы басталатындығы жөніндегі хабар көңілге қуаныш ұялатты. Сонымен қатар, аудан орталығында осы уақытқа дейін көктем айларында халық әбден су мен батпақтың бейнетін тартып келген болатын, бұл мәселе де осы жылы шешімін табады екен. Ауыл ішіне жаяу жүргіншілер жолы салынады деген жақсы жаңалықты естіп, қуанып қалдық.

Темір ауданы.

АЛҒА: АУЫЛІШІЛІК ЖОЛДАР ЖӨНДЕЛЕДІ

Ақтөбе облысының әкімі  Оңдасын Оразалиннің облыс тұрғындары алдындағы есебін тыңдап, Алға ауданындағы әлеуметтік жобаларды мұқият зерделедім.    Осы жылы Қарақобда, Тікқайың, Көктоғай ауылдарына газ құбыры тартылып,  Есет батыр  мен Қайнар ауылдарының арасындағы, Бестамақ, Маржанбұлақ елді мекендерінің ішіндегі жолдар жөнделетін болды. Мұнымен бірге, Алға қаласының 5 орталық көшесінің жолдары да жаңармақшы.

Мен Алға ауданының тұрғындары үшін осы әлеуметтік мәселелердің  оңтайлы шешілетініне сенемін.

                                                                               Бақыт ЕРҒАЛИЕВА,

                                                   Алға аудандық аналар кеңесінің төрайымы.

ЕКІ АУЫЛДА АУЫЗСУ МӘСЕЛЕСІ ШЕШІЛЕДІ

Кеше облыс әкімінің есебіне арнайы барып қатыстым. Көңілден шықты.

Өзім Мұғалжар ауданы Батпақкөл ауылдық округіне қарасты Қожасай ауылының тұрғынымын. Біздің округке облыс, аудан басшылары ерекше көңіл бөлуде. Айталық, биыл ауылымыз — Қожасайға, сосын Жаркемер ауылына ауызсу жеткізіледі деп жоспарланып отыр. Сонымен қатар облыс әкімі Қожасай ауылына газ кіргізу мәселесін де өз назарында ұстап отыр. Ауылымызға қатысты осындай ірі шаруалардың биыл атқарылатынына қуанып қалдым. Көгілдір отын мен ауызсу мәселесі шешіліп жатса, ауылымыздың көркі кіріп, ажарланып қалар еді.

Айтпақшы, ауылымызда балаларға арналған спорт алаңы салынатынын естідік. Бұл жас ұрпақтың салауатты өмір салтын сақтап, спортқа бет бұруына оң ықпал ететіні анық. Билік басшыларының алдағы жұмыстарына сәттілік тілеймін.

Мұханбетқали ӘБІЛҚАЕВ,

Қожасай ауылының тұрғыны.

Мұғалжар ауданы.

Басқа жаңалықтар

Back to top button