Жаңалықтар

Кәсіпкерлерге түсіндірді

Ақтөбедегі Орталық базардың мәжіліс залында облыстық  тауарлар мен көрсетiлетiн қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті дөңгелек үстел өткізді. Мақсат — Президенттің шағын және микро кәсіпкерлік субъектілерін тексеруге мораторий енгізу туралы Жарлығын түсіндіру.

Жиынға «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының өкілдері мен шағын және микро кәсіпкерлік субъектілері қатысты. Шара барысында сауда және қоғамдық тамақтану кәсіпорындары үшін қолданыстағы санитарлық ережелердің негізгі талаптарын сақтау бойынша ұсыныстар берілді.

Қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарға толық жауап алды.

К.ҚОПАЕВА.

Басқа жаңалықтар

Back to top button