Жаңалықтар

Жедел жәрдем қызметіне тұрғындардан шағым болмауы тиіс

Облыс әкімі Оңдасын Оразалиннің төрағалығымен өткен жиында биылғы жылдың 1-31 қаңтар аралығындағы атқарушылық тәртіптің жай-күйі қорытындыланды.

Жергілікті мемлекеттік органдардың бір айда жасаған жұмысын баяндаған облыс әкімі аппаратының басшысы Нұржауған Қалауовтың мәліметінше,  облыс басшысы  тарапынан 202 тапсырма (оның ішінде  85 хаттамалық, 31 жеке, 86 БАҚ пен әлеуметтік желілерге шолу бойынша),  жоғары тұрған орталық мемлекеттік органдардан 781 тапсырма (оның ішінде 48 ҚР Президенті Әкімшілігі, 327 Премьер-Министр Кабинеті, 406 орталық мемлекеттік органдар) берілген. 1144 тапсырма орындалған, мерзімі бұзылып орындалғаны — 30 болса, сапасыз орындалған 5 құжат пысықтауға қайта жіберілген.  Орындалмағаны — 6.

Мәселен, Ақтөбе қаласы әкімдігіне ақпараттандыру және сыртқы байланыстар, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармаларымен бірлесіп 2020 жылдың 1 қаңтарына дейінгі мерзімде Ақтөбе қаласындағы барлық қоғамдық көліктерге электрондық билеттендіру жүйесін ендіруді және GPS-трекерлерді орнатуды қамтамасыз етуді жүзеге асыру тапсырылған. Аталған тапсырма мерзімінде орындалмаған. Ақпараттандыру және сыртқы байланыстар басқармасына «112 – бірыңғай кезекші-диспетчерлік қызметі» жүйесінің іске қосылуын қамтамасыз ету тапсырылған.  Көрсетілген мерзімде бұл жүйе іске қосылмаған.

Ақпараттандыру және сыртқы байланыстар басқармасының басшысы Сергей Беккерге  тапсырманың уақтылы орындалуын қамтамасыз ету қажеттігі айтылды.

Сонымен қатар, облыс әкімі «103» жедел жәрдем  диспетчерлік қызметінің сапасына да тұрғындар тарапынан көптеген шағымдар түсетіндігін жеткізді.

«Ауыл, аудан тұрғындары жедел жәрдем қызметінің кешігіп келетіндігін, байланыс жүйелерінің сапасыздығын айтып шағым жасайды,  жедел жәрдем  халыққа мінсіз қызмет етуі қажет, тұрғындардан шағым болмауы тиіс», — деп атап өтті Оңдасын Оразалин.

Облыс әкімі Сергей Беккерге аудандардағы  байланыс жүйесін  ретке келтіруді, осы мәселе наурыз айына дейін оң шешімін табуы қажеттігін тапсырды.

 Облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Басқа жаңалықтар

Back to top button