Жаңалықтар

Жастарға кеңес беру орталығы ашылды

Ақтөбедегі «Мега Шығыс» сауда үйінде жастарға кеңес беретін консалтинг орталығы өз жұмысын бастады. Jas Otan жастар қанатының бастамасымен ашылған орталықта аптасына 4 күн қатарынан түрлі мекеме қызметкерлері кеңес беретін болады.

Орталықтың басты мақсаты —  жастарға ақпарат беру. Жасыратыны жоқ, бүгінгі таңда жастардың барлығы бірдей мемлекеттік бағдарламалар мен жобалар туралы біле бермейді. Сондықтан осындай олқылықтарды болдырмау үшін «Кеңес орталығын» құрдық. «Мега Шығыс» жастар ең көп жүретін сауда орны болғандықтан, осы жерді таңдадық. Дәл осындай кеңес беретін орталық 2015-2018 жылдары Орталық базар маңында жұмыс жасаған болатын, — дейді Jas Otan жастар қанаты Ақтөбе облыстық филиалының төрағасы Асылжан Бүркіталин.

Сауда үйінің 3-блок, ең төменгі қабатында орналасқан «Кеңес орталығы» түскі сағат 11.00-ден 16.00-ге дейінгі аралықта жұмыс жасайды. Ең бірінші болып аталған орталықта келушілерге «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің» мамандары кеңес берді. Алдағы уақытта тұрақты түрде  мемлекеттік мекеме қызметкерлері мен жергілікті мәслихат депутаттары, үкіметтік емес ұйымдар басшылары жастарды қабылдап, түсіндірме жұмыстарын жүргізіп тұрады.

 Ақерке САТЫБАЛДЫ.

Басқа жаңалықтар

Back to top button