Денсаулық

Коронавирусқа қарсы орталық құрылды

ҚР Денсаулық сақтау министрлігінде коронавирусқа қатысты сұрақтар бойынша байланыс орталығы құрылды.

Министрліктің 1406, +7 7172 76 80 43 байланыс орталығына азаматтар тәулік бойы хабарласып, коронавирус инфекциясына қатысты кез келген сұрағын қоя алады. Сондай-ақ алдын алу шаралары мен аурудың симптомдары жайлы білуіне болады.

Дәрігерлер тұрғындарға бастың ауыруы, суық тию, кеуде тұсының ауырсынуы, пневмония, қалтырау, дене қызуының көтерілуі, жүрек қағысының жиілеуі, тыныс алудың жиілеуі сынды симптомдарды байқаса, 103 нөмiрiне хабарласуды ескертеді.

К.ҚОПАЕВА.

Басқа жаңалықтар

Back to top button