Басты жаңалықтарӘкімдер есебі

 «Облыс әкімінің Ақтөбе облысының 2019 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары және 2020 жылға арналған міндеттері туралы есебі»

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес өткізіліп жатқан барлық деңгейдегі әкімдердің есеп беру кездесулері – бұл атқарушы органдар жұмысының өткен жылғы қорытындысын шығарып қана қоймай, облыс тұрғындарының мүдделерін ескере отырып, олардың қатысуы арқылы алдағы жылдарға арналған өңірдің даму перспективаларын анықтауға мүмкіндік береді.

2019 ЖЫЛЫ ЕСЕП БЕРУ КЕЗДЕСУЛЕРІН ӨТКІЗУ ҚОРЫТЫНДЫСЫ

2019 жылғы қаңтар-ақпан айларында облыста 45,2 мың тұрғынның қатысуымен барлық деңгейдегі әкімдердің 526 есеп беру кездесулері өткізілді.

Кездесу барысында келіп түскен 1023 сұрақтың 865-і сол жерде шешілді.

26 мәселе облыс әкімінің, 101 мәселе аудан және қала әкімдерінің іс-шаралар жоспарына енгізілді.

Жалпы, 127 сұрақтың бүгінгі күні 68,5%-ы (87 мәселе) орындалды, 40 мәселе орындалу үстінде.

Облыс әкімінің жоспарына енген 26 сұрақтың 22-сі бойынша қаржыландыру мәселесі толығымен шешілді, 4 жоба бойынша мәселе жоғары тұрған мемлекеттік органдармен пысықталуда.

Мәселен, шешімін тапқан проблемалық мәселелер:

– «Анаға тағзым» ғимаратында көпбалалы аналарға арналған психологиялық көмек орталығы ашылды;

– «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша 886 жас отбасы пәтер алды (97 жас маман «Қарғалы» тұрғын үй алабында сатып алу құқығымен жалға берілетін пәтерлер алды);

– Алға қаласының 10 көшесінің жол құрылысы аяқталды;

– Ақай ауылдық округінің Көлтабан ауылы газдандырылды;

– Қарауылкелді ауылында 2 қабатты 16 пәтерлі тұрғын үйдің құрылысы аяқталды;

– мемлекеттік-жекеменшік серіктестік шеңберінде 3 ауылда (Ойыл, Ақжар, Кемер) және т.б. талшықты-оптикалық байланыс желілері жүргізілді.

ХАЛЫҚПЕН ТИІМДІ КЕРІ БАЙЛАНЫС

«Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын сақтау, қоғамдық ұйымдармен және қарапайым азаматтармен диалог, ашықтық, адамдардың қажеттілігіне жедел әрекет ету, халықпен тұрақты кездесулер жергілікті атқарушы органдар қызметіндегі басты қағидат болып табылады.

Өткен жылғы  наурыздан желтоқсан айына дейінгі аралықта облыс басшылығы 60-тан астам жұмыс сапармен аудандарда болып, 13 мыңнан астам тұрғыны бар 100-ден астам елді мекенде болды. Жеке қабылдауында 245 адам болып (2018 жылға қарағанда 41,3%-ға артық), 3921 азаматтың өтініші қаралды.

Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында барлық аудан әкімдері мен облыстық басқарма басшыларының әлеуметтік желілерде жеке парақшалары ашылды, олар азаматтардың сұрақтарына жедел жауап береді, бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілердегі тікелей эфирге, «Рейтинг», т.б. онлайн режиміндегі телебағдарламаларына тұрақты түрде қатысады.

Облыс халқын толғандыратын ең өзекті мәселелер бойынша 2019 жылы 137 баспасөз конференциясы мен брифингтер өткізілді, 10 500 баспасөз релизі мен басқа да ақпараттық материалдар таратылды.

Әкімдіктер қызметінің қолжетімділігі мен ашықтығын дамыту шеңберінде «OPEN SPACE» кеңістік қағидатын енгізу бойынша белсенді жұмыстар жүргізілуде (мәселен, ашық кабинеттер Ақтөбе қаласының, Алға, Шалқар, Мәртөк, Темір аудандары мен Алматы ауданының әкімдіктерінде құрылған).

Халықпен осындай кездесулер, азаматтардың өтініштерімен тұрақты жұмыс, әлеуметтік желілер мониторингі Ақтөбе облысының тұрғындарын толғандыратын негізгі мәселелерді анықтауға мүмкіндік береді.

ПРЕЗИДЕНТТІҢ ТАПСЫРМАЛАРЫН ОРЫНДАУ

Қазақстан Республикасы Президентінің «Сындарлы қоғамдық диалог — Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Жолдауын іске асыру жөніндегі Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарына сәйкес жергілікті атқарушы органдардың алдына облыс халқының әл-ауқатын арттыру міндеті қойылды.

Әлеуметтік мәселелерді шешуде белсенді ұстанымға ие болу үшін Мемлекет басшысы көрсеткен міндеттерді орындау бойынша нақты іс-қимылды көрсететін 29 шарадан тұратын облыстық іс-шаралар жоспары бекітілді.

2019 жылғы 22 мамырда Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаев жұмыс сапарымен Ақтөбе облысына келді.

Қазақстан Республикасы Президентінің жұмыс сапарының қорытындысы бойынша 10 хаттамалық тапсырма берілді, оның ішінде:

– Ақтөбе облысының әкімдігіне 4 хаттамалық тапсырма берілген, ал қалған тапсырмалар тиісті министрліктерге берілді.

Бүгінгі күні осы тапсырмалардың үшеуі  орындалды, қалғандары белгіленген мерзімге сәйкес орындалуда.

2019 жылғы 23 тамызда Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі А.Мамин аймақта жұмыс сапарымен болды. Жұмыс сапарының қорытындысы бойынша 45 хаттамалық тапсырма берілді. Бүгінгі күні олардың 9-ы орындалды немесе орталық мемлекеттік органдары тарапынан қолдау тапты, қалғандары орындалу үстінде.

Сонымен қатар жоғарыда көрсетілген тапсырмалардың орындалу барысы облыс басшылығының тұрақты бақылауында.

ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУДЫҢ НЕГІЗГІ ҚОРЫТЫНДЫЛАРЫ

2019 жылы жергілікті атқарушы органдар тарапынан қабылданған барлық шаралар облыс тұрғындарымен тұрақты байланыста болуға, олардың әл-ауқатының жақсаруына және экономиканың одан әрі өсуіне бағытталды.

Айта кету керек, облыс елдің экономикалық дамуына елеулі үлес қосты. Бұған макроэкономикалық көрсеткіштер дәлел бола алады.

Барлық әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерде оң динамика байқалады.

Бұл жетістік облыстың барлық тұрғындарының бірлескен және тынымсыз жұмысының нәтижесі болып табылады.

АЗАМАТТАРДЫҢ ТАБЫСТАРЫНЫҢ АРТУЫ

Сапалы өмір сүру деңгейі халықтың әл-ауқатына тікелей байланысты екендігі дәлелдеуді қажет етпейтін аксиома.

2019 жылы азаматтардың әлеуметтік жағдайларын жақсартуға, табыстарын арттыруға ерекше көңіл бөлінді. Халықтың әлеуметтік осал топтарына тұрғын үй беру, атаулы әлеуметтік көмек көрсету, несиелік жүктемені төмендету, т.б. мәселелерде басымдық ретінде және мақсатты қолдау көрсетілді.

Сонымен қатар 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап ең төменгі жалақы 1,5 есеге (28 284 теңгеден 42 500 теңгеге дейін) өсті. Ең төменгі жалақы алатын 70 мыңнан астам ақтөбеліктің жалақысы көтерілді. Бюджеттік сала қызметкерлерінің жалақысы 30%-ға өсті.

2019 жылы облыстың 1400-ден астам кәсіпорын қызметкерлерінің жалақысы орташа есеппен 15%-ға артып, 32 мың ақтөбелікке оң әсерін тигізді. Облыс тұрғындарының орташа айлық жалақысы 13,9%-ға өсіп, 156 615 теңгеге жетті.

Алайда бұл орташа сан негізінен мұнай-газ, кен өндірісі, теміржол, қаржы  саласы қызметкерлерінің біздің өңірдің өлшемі бойынша жоғары жалақысы есебінен жасалғанын атап өту керек және біз жалпы халықтың басым көпшілігінде жалақы деңгейінің төмен екендігін жоққа шығармаймыз.

Осыған қарамастан, біздің өңірдегі жалақы деңгейі республика бойынша жалақының орташа көрсеткішінен 16%-ға төмен (ҚР бойынша 9-орын) және салыстырмалы түрде еліміздің батыс өңіріндегі аймақтар арасында  ең төмені болып отыр.

Сондықтан біз 2025 жылға дейін республика бойынша орташа еңбекақы деңгейіне қол жеткізу үшін халықтың табысының жыл сайынғы өсуін қамтамасыз ету жөніндегі шаралар кешенін әзірледік.

2020 жылы халықтың табысын арттыру жөніндегі жұмыстар жалғасын табатын болады. Атап айтқанда, Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында мәдениет, халықты әлеуметтік қорғау, бастауыш, негізгі және жалпы орта білім беру қызметкерлерінің жалақысы орта есеппен 30%-ға өсетін болады.

БЮДЖЕТТІҢ ОРЫНДАЛУЫ

2019 жылдың қорытындысы бойынша бірлестірілген бюджетке түсімдер 547,1 млрд теңгені немесе 102,4%-ды құрады.

Осы ретте, 119,2 млрд теңге жергілікті бюджетке түсті. Бұл 2018 жылға қарағанда 675,5 млн теңгеге (2018 жылы – 118,5 млрд теңге) артып отыр.

Салық салынатын базаны кеңейту жөніндегі жұмыс нәтижесінде бюджетке 3,4 млрд теңге қосымша қаржы түсті.

Бюджет 99,6%-ға немесе 269,8 млрд теңгеге игерілді.

ИНДУСТРИЯЛЫҚ-ИННОВАЦИЯЛЫҚ ДАМУДЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫН ІСКЕ АСЫРУ

2019 жылы облыс кәсіпорындары 1,9 трлн теңгенің өнімін шығарып, рекордтық көрсеткішке жетті. Осы ретте, аймақ өнеркәсібінің өсуіне жаңа технологияларды қолдану, өндірістің жаңа желілерін іске қосу есебінен қол жеткізілді және бұл 5,9%-ды құрады (2018 жылы – 1,8 трлн  теңге).

Тау-кен саласында 2018 жылмен салыстырғанда бірқатар пайдалы қазбалар өндіру көлемі артып отыр. Мысалы: мыс-мырыш кені — 43,5%-ға, құрамында алтын бар кен — 21,5%-ға, мырыш концентраты — 16,3%-ға, хром кені — 4,9%-ға, хром концентраты — 2,5%-ға өсті.

Бір мезгілде еңбек өнімділігін және бәсекеге қабілеттілікті арттыру, қолданыстағы өндірісті модернизациялау белсенді жүргізілуде.

Анықтама: соңғы 3 жылда жалпы көлемі 155 млрд теңге көлемінде 85 кәсіпорында модернизациялау жұмыстары жүргізілді.

Өңірдің жергілікті атқарушы органдар жұмысының басты басымдықтарының бірі — инвестиция тарту болып табылады.

2019 жылдың қорытындысы бойынша облыс экономикасына 600 млрд теңге инвестиция тартылып, 7,5% өсімді құрады.

Бұл ретте тартылған қаражаттың 73%-ы жеке сектор субъектілерінің меншікті қаражаты болып табылса, 36%-ы шетелдік инвестиция болып табылады.

Егер 2012 жылы жалпы шетелдік инвестициялардың үлесі 10,2%-ды құраған болса, бүгінгі күні салыстырмалы динамика тікелей шетелдік инвестициялар ағынының айтарлықтай өскенін көрсетіп отыр.

2019 жылы негізгі капиталға инвестиция көлемінің өсімі 160 млрд теңгені құрайтын 25 ірі инвестициялық жобаны жүзеге асыру арқылы қамтамасыз етілді.

Олардың ішінде ең ірілері:

— Мұғалжар ауданындағы «ҚазГеоРуд» ЖШС тарапынан «Құндызды» мыс-мырыш кенін игеру;

—  «ТД «Фотон» ЖШС өндірген ұяшықты автокланды газ бетоны;

— «АКМЭЗ» ЖШС-ның өсімдік майы мен оның мал азығын әзірлеу өндірісі.

Осы жобалардың іске қосылуы нәтижесінде аймақта қосымша 1700-ден астам жұмыс орны құрылды.

2020 жылы облыстың негізгі капиталына салынатын инвестиция көлемін 740 млрд теңгеге дейін арттыру қажет.

Ағымдағы жылы ірі индустриялық жобаларды іске асыру жоспарланып отыр. Атап айтқанда:

— «Зерде-Керамика Ақтөбе» ЖШС-ның керамогранит және керамикалық плитка өндірісі;

— «Көктас-Ақтөбе» АҚ-ның құрылыс материалдарын өндіру ісі;

  • «Green Capital Kazakhstan» ЖШС-ның 5-буынды жылыжайының екінші кезеңін іске қосу.

Сондай-ақ, өңірге инвестиция ағынын арттыру мақсатында «Еуразия» АЭА және «GOSB» түрік инвесторымен бірлесіп, индустриялық парк құрылады.

Бұл қосымша 500 млрд теңгеден астам қаржы тартуға, кемінде 15 000 жаңа жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді. Инвесторларды тарту және басқару әлемдік үздік тәжірибелер бойынша «бір терезе» әдісімен жүзеге асырылатын болады.

Аталған инвестиция көлемі экономиканың 5%-дық өсімін ұстап тұруға мүмкіндік береді.

Қазіргі таңда Қазақстан Республикасы индустриялық-инновациялық дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы бекітілу үстінде, ол ішкі және сыртқы нарықта өңдеуші өнеркәсіптің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға жағдай жасауға бағытталған.

Цифрландыру және «Индустрия 4.0» элементтерін белсенді қолдануға, тиімді өндірушілерді қолдауға, «қарапайым заттар экономикасын» дамытуға ерекше назар аударылатын болады.

Индустрияландырудың үшінші бесжылдығын жүзеге асыру аясында облыста мобильді бұрғылау қондырғыларын, болат дайындамаларды, металл конструкцияларын, химиялық реагенттерді, техникалық көміртекті, диализаторларды, құрама жемдерді және тағы басқаларын өндіру бойынша жобалар пысықталуда.

КӘСІПКЕРЛІК ПЕН ТУРИЗМДІ ДАМЫТУ

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында әлеуметтік аспектілерге баса назар аудара отырып, бизнесті қолдаудың жаңа нысандарын белсенді енгізуді тапсырды.

Бұл салада келесідей оң нәтижелерге қол жеткізілді:

— жұмыс істеп тұрған шағын және орта бизнес субъектілерінің саны 8,6%-ға артты және 59,1 мың бірлікті құрады;

— Шағын және орта бизнес саласында халықты жұмыспен қамту 9,9%-ға немесе 147,1 мың адамға дейін артты (2019 жылдың 9 айы бойынша дерек);

680,6 млрд теңгенің өнімі шығарылды (өсім — 1,9%; 2019 жылдың 9 айы бойынша дерек).

Бизнестің қарқынды дамуына мемлекет тарапынан көрсетілетін қаржылық қолдаудың ықпалы зор. Осы ретте «Бизнестің жол картасы — 2025» бағдарламасы аясында 2,4 млрд теңге бөлінді (2018 жылы – 2 млрд теңге).

430 шағын және орта бизнес субъектісі мемлекеттік қолдауға ие болып, 10 жыл ішінде алғаш рет рекордтық көрсеткіштерге қол жеткізілді. Негізінен қолдау өңдеу өнеркәсібіне, көтерме және бөлшек сауда, көлік және логистика, ауыл шаруашылығы, құрылыс, денсаулық сақтау, туризм және білім беру саласында іске асырылатын жобаларға көрсетілді.

Жалпы, субсидияланған жобалар саны мен кредиттерге кепілдік беру бойынша өңір алдыңғы қатарда келеді.

2019 жылы «Еңбек» жаппай кәсіпкерлікті дамыту және нәтижелі жұмыспен қамту бағдарламасының екінші бағытын жүзеге асыру үшін 6,2 млрд теңге бөлінді.

Жалпы сомасы 6,1 млрд теңге құрайтын 1133 жоба қолдау тапты, оның ішінде 90%-дан астамы 5 млрд теңге көлемінде ауылдарда іске асырылды.

«Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы аясында мақұлданған жобалар саны бойынша облыс республика бойынша көшбасшылардың бестігіне кіреді.

2019 жылдың қорытындысы бойынша 8,8 млрд теңгеге 85 жоба мақұлданды.

Облыста бизнес негіздерін оқытуға ерекше көңіл бөлініп келеді. Өткен жылы 6 000-нан астам адам оқытумен қамтылып, оның ішінде 769-ы несие алды, 457-і жаңа бизнес-идеялары үшін грантқа ие болды.

Әкімшілік кедергілерді жою және іскерлік ахуалды жақсарту бойынша үлкен жұмыс жүргізілді.

Ақтөбе облысы «Doing Business» рейтингі аясында Дүниежүзілік банктің сарапшылары жүргізген «Қазақстанда бизнесті жүргізу – 2019» қорытындысы бойынша республика бойынша 3-орынға ие болды.

2020 жылы жұмыс істеп тұрған шағын орта бизнес субъектілерінің санын 60 000 бірлікке дейін, ЖӨӨ-дегі (Жалпы өңірлік өнім)  шағын орта бизнес үлесін 20,7%-ға дейін жеткізу, жұмыспен қамтылғандардың санын 147,5 мың адамға дейін арттыру жоспарланып отыр.

Туризм саласын дамыту аясында Қарғалы су қоймасы Қазақстанның туристік картасына енген топ-50 нысан қатарында. Қазіргі уақытта «KargalyResort» демалыс аймағының құрылысын жүргізуге инвестор тартылды.

Демалыс аймағына эко-стильдегі қонақүйлер, тау шаңғы базасы, шипажайлар, ипподром, су-ойын-сауық демалыс және спорт түрлері (гольф, теннис, футбол, картинг және т.б.), балық және жылыжай шаруашылығы кіреді.

Ақтөбе қаласында «IBIS» халықаралық қонақүй жүйесінің қонақүйін ашу жоспарлануда.

АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫН ДАМЫТУ

Ауыл шаруашылығы қазіргі уақытта да, болашақта да өңірдің табысты дамуының басты ресурстарының бірі болып табылады.

Ел басшылығы тек ішкі нарықта ғана емес, шетелде де талап етілетін органикалық және экологиялық таза өнім шығару міндетін қойды.

Осы мақсатта өткен жылы 2020-2025 жылдарға арналған АӨК дамыту бағдарламасы әзірленіп, бекітілді.

2019 жылы ауыл шаруашылығының өсімі 103,7%-ға жетті.

Ел Президентінің халыққа Жолдауында берілген тапсырмаларға сәйкес суармалы жерлердің санын арттыру және пайдаланылмай жатқан ауыл шаруашылығы жерлерін қайтару бағытында  келесі жұмыстар атқарылды:

Суармалы жерлердің көлемі 21,9-дан 30,2 мың га-ға дейін, ауыл шаруашылығы дақылдарының егістік алқабы 11,5%-ға (656 мың гектардан 731,4 мың гектарға дейін) өсті.

Цифрландыру элементтерін енгізу арқылы (алаңдардың электрондық есебін, аэроғарыштық мониторинг жүргізу) мемлекетке 595,3 мың га, оның ішінде егістік аумағы — 26,4 мың га көлемінде 291 учаске қайтарылды.

Ауыл шаруашылығын одан әрі дамыту үшін аумағы 771,5 мың га 427 жер телімі берілді, оның ішінде егістік үшін берілгені — 36 мың га;

Мал шаруашылығында ірі қара мал басы – 6,3%-ға, жылқы – 12,1%-ға, қой-ешкі  1,6%-ға және түйенің саны 2%-ға өсті.

Ет өндірісі 8,5%-ға, сүт 3,2%-ға және жұмыртқа өндірісі 2,6%-ға артты.

Сиыр еті экспортының көлемі 2 есеге артып, 4,4 мың тоннаны құрады.

Субсидиялау шығындарының жалпы сомасы 2019 жылы 15,7 млрд теңгені құрады.

Алдағы жылдарға бірқатар амбициялық міндеттер қойылды:

1) 2025 жылға қарай ірі қара және ұсақ мал басын 3 есеге (ІҚМ 464 мыңнан 1,4 млн басқа, ҰМ 1,1-ден 3,4 млн басқа дейін) көбейту;

2) облысқа 440 мыңнан астам асылтұқымды ірі қара малды әкелу;

3) 3 жыл ішінде жаңа кәсіпорындар құру арқылы (2020 жылы «Ұлан» ЖШС құс фабрикасы, 2022 жылы «РОКОС» ЖШС — жылына 50 мың тонна) құс еті бойынша орын алып отырған тапшылықты жабу (қамтамасыз етілуі — 22%).

Егер бүгінде ет Ресейге, Өзбекстан және Иранға экспортталса, болашақта мысалы, Біріккен Араб Әмірлігі, Қытай және басқа да елдерге жіберіліп, экспорт көлемі мен аймағы айтарлықтай артатын болады.

Осы міндеттерді шешу үшін жем-шөп базасын, суармалы жерлердің көлемін 3,5 есе немесе 100 мың гектарға дейін үдемелі қарқынмен ұлғайту қажет, бұл өнімділікті едәуір арттырады.

32 су қоймасының құрылысы есебінен облыстың су-ресурстық әлеуетін арттыру бойынша шаралар қабылдануда (ол 2,2 млрд текше метр суға бағаланады).

«АУЫЛ — ЕЛ БЕСІГІ»  ЖОБАСЫН ІСКЕ АСЫРУ

Қазіргі уақытта ауылдық аумақтардың әлеуметтік ортасын жаңғырту мақсатында 2018 жылы Тұңғыш Президент бастамашылық еткен «Ауыл — Ел бесігі» арнайы жобасын іске асыру жалғасуда.

2019 жылы арнайы жоба аясында республикалық бюджет есебінен халықтың жалпы саны 29 мың адамды қамтыған  болашағы зор 3 ауылда (Бадамша, Мәртөк, Шұбарқұдық) 8 жобаны іске асыруға 1,2 млрд теңге көлемінде қаражат бөлінді.

2020 жылға 3,3 млрд теңге сомасына 36 жоба (24 көлік инфрақұрылымын дамыту бойынша, 10 әлеуметтік инфрақұрылым нысандары бойынша және 2 инженерлік инфрақұрылым бойынша) қолдау тапты.

Алға ауданы
1 Маржанбұлақ кентіндегі автомобиль жолын жаңарту (Абай Құнанбаев және Өрлеу көшелері)
2 Маржанбұлақ ауылының Әбілқайыр хан, Б.Момышұлы көшелерінің кентішілік автомобиль жолының құрылысы
3 Маржанбұлақ орта мектебінің №2 спорт залының ғимаратын күрделі жөндеу.
Әйтеке би ауданы
4 Комсомол ауылындағы Ә.Молдағұлова көшесі автомобиль жолын салу
5 Комсомол ауылындағы Т.Жүргенов көшесінің 1,384 км жолын күрделі жөндеу
6 Комсомол ауылындағы Әйтеке би аудандық орталық ауруханасы мен ас блогы арасындағы өту және архив ғимаратын күрделі жөндеу
Байғанин ауданы
7 Қарауылкелді ауылындағы Барақ батыр көшесінен Ақтөбе-Атырау трассасына дейінгі автомобиль жолының құрылысы
8 Қарауылкелді ауылындағы денешынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысы
9 Қарауылкелді ауылындағы Ақтөбе-Атырау трассасынан Барақ батыр көшесіне дейінгі автомобиль жолын күрделі жөндеу
10 Карауылкелді ауылындағы М.Мәметова көшесі автомобиль жолын салу
Ырғыз ауданы
11 Ырғыз ауылындағы ауылішілік автомобиль жолын күрделі жөндеу
12 Ырғыз орталық аудандық аурухана ғимаратын күрделі жөндеу
13 Ырғыз ауылындағы су құбыры желілерін жаңарту
Қарғалы ауданы
14 Бадамша ауылындағы Қазақстан, Горняков, Астана, Байтұрсынов, Имашев, Еңбекші, Жангелдин көшелеріндегі ауылішілік автомобиль жолын орташа жөндеу
15 Бадамша ауылының Әуезов және Абай тұйығын орташа жөндеу
16 Бадамша ауылындағы Әбілқайыр хан, Әйтеке би, Пацаев көшелеріндегі жарықтандыру құрылысы
Мәртөк ауданы
17 №3 Мәртөк орта мектебінің екі корпусын күрделі жөндеу
18 Мәртөк ауылындағы Жангелдин көшесіндегі ауылішілік автомобиль жолдарын орташа жөндеу
19 Мәртөк ауылындағы Байғанин көшесін (Әубәкіров көшесінен айналма жолына дейін) ауылішілік автомобиль жолын орташа жөндеу
20 Мәртөк ауылы Байғанин көшесі (Стрелковой-Новостройка көшесінен бастап) ауылішілік автомобиль жолын орташа жөндеу
21 Мәртөк ауданы, Мәртөк ауылы, №1 Мәртөк орта мектебінің стадионын күрделі жөндеу
Темір ауданы
22 Шұбарқұдық кенті Қызылжар шағын ауданындағы денешынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысы
23 Шұбарқұдық кенті Қызылжар шағын ауданында Астана көшесі бойындағы автомобиль жолын салу
24 Шұбарқұдық кенті Қызылжар шағын ауданындағы Астана көшесінің 2 км жарықтандыру құрылысы
Ойыл ауданы
25 Ойыл ауылында денешынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысы
26 Ойыл ауылындағы Көкжар көшесіндегі автомобиль жолын орташа жөндеу
27 Ойыл ауылы Желтоқсан көшесі бойындағы автожолды орташа жөндеу
28 Ойыл ауылы Шернияз көшесі бойындағы автомобиль жолын орташа жөндеу
29 Ойыл ауылы Бақаев көшесі бойындағы автомобиль жолын орташа жөндеу
30 Ш.Бекмұхамбетова атындағы мектеп-гимназияның ғимаратын күрделі жөндеу
Хромтау ауданы
31 Дөң ауылындағы автомобиль жолын (көшелерін) орташа жөндеу
32 Ақжар ауылындағы автомобиль жолын (көшелерін) орташа жөндеу
33 Ақжар ауылындағы «Ангар типті» спорт кешенінің құрылысы
34 Ақжар ауылындағы ауылішілік автомобиль жолын қайта жөндеу
Шалқар ауданы
35 Бозой ауылындағы электр желілерін жаңарту
36 Бозой ауылдық округі Бозой ауылы Прохоренко көшесі автомобиль жолын орташа жөндеу

67 мың адамды қамтитын әлеуметтік, инженерлік және көлік инфрақұрылымын дамытуды қарастыратын жобалар облыстың 11 ауылында жүзеге асырылады.

ҚҰРЫЛЫС ЖӘНЕ ЖЕКЕ ТҰРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫСЫ

Халықтың өмір сүру сапасын арттырудың маңызды факторы – қолжетімді бағамен сапалы тұрғын үй салу болып табылады.

2019 жылдың қорытындысы бойынша құрылыс жұмыстарының көлемі 194 млрд теңгені құрап, өткен жылғы деңгейден 5,8%-ға асты. 1 млн шаршы метрден астам тұрғын үй пайдалануға берілді (өсім — 112,4%), бұл облыс үшін рекордтық деңгей болып табылады.

2019 жылдың қорытындысы бойынша жеке тұрғын үй құрылысы үшін облыс бойынша 1600-ден астам жер учаскесі бөлінді, оларға 305 км инженерлік-коммуналдық желілер жүргізілді.

«Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы бойынша  Ақтөбе қаласында және аудандарда (Ақтөбе қаласы – 2 үй, Темір – 1 үй, Мәртөк – 1 үй, Байғанин – 1 үй, Шалқар – 2 үй) 7 жалға беру-коммуналдық тұрғын үйдің құрылысы аяқталды. Тұрғын үйдің жалпы алаңы 22,7 мың шаршы метрді құрайды.

2019 жылдың қорытындысы бойынша кезек бойынша, сондай-ақ «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында («ҚИК» ҰК» АҚ, «Бақытты отбасы», «ҚТҚЖБ») 1 302 отбасы келесі санаттар бойынша тұрғын үймен қамтамасыз етілді:

70 азамат – «жетім балалар»;

328 азамат – «көпбалалы отбасылар»;

463 азамат – «халықтың әлеуметтік осал топтары»;

433 азамат – «мемлекеттік қызметкерлер, бюджет қызметкерлері»;

8 азамат – «апатты деп танылған жалғыз тұрғын үй».

«Бақытты отбасы» бағдарламасы жүзеге асырыла бастағаннан бері, 2019 жылы «ҚТҚЖБ» (Қазақстан тұрғын үй құрылыс жинақ банкі) АҚ-ы тарапынан қанағаттандырылған несиеге ие болған — мүгедек балаларды асырап немесе көп бала тәрбиелеп отырған отбасылар мен толық емес отбасыларға бастапқы жарнаны жабу үшін 166,3 млн теңге сомасына 264 тұрғын үй сертификаты берілді.

Ағымдағы жылы «Бақытты отбасы» бағдарламасы наурыз-сәуір айларынан басталады деп күтілуде. Бағдарламаға қатысу үшін жолдама беру туралы ақпарат бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады. Аудан тұрғындары да осы бағдарламаға қатысып, облыс орталығындағы нарықтағы бастапқы немесе екінші деңгейлі тұрғын үй ала алады.

Жалпы, 2020 жылы қаржыландырудың барлық көздері есебінен 1 млн шаршы метрден астам тұрғын үй немесе 9000-ға жуық пәтер салу, құрылыс жұмыстарының көлемін 215 млрд теңгеге дейін жеткізу жоспарлануда.

Сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үй салу үшін республикалық бюджеттен 534 пәтерге 3,5 млрд теңге сомасында мақсатты трансферттер қарастырылған. Оның ішінде:

— халықтың әлеуметтік осал топтары үшін – 373 пәтер;

— аз қамтылған, көп балалы аналар үшін – 161 пәтер.

Сонымен қатар 2020 жылы 122 көпбалалы отбасына тұрғын үй сатып алу үшін 1 млрд теңге көлемінде қаражат қарастырылған.

Сонымен қатар, «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында несиелік тұрғын үй құрылысына облигациялық қарыз түрінде 7 млрд теңге бөлінді, сондай-ақ алдағы республикалық бюджетті нақтылау барысында қосымша 11 млрд теңге көлемінде қаражат бөлу жоспарланып отыр.

Ақтөбе облысының тұрғындарын жеке тұрғын үй құрылысын жүргізу үшін жаңа жер учаскелерімен қамтамасыз ету мақсатында ағымдағы жылы «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында 563 километр инженерлік-коммуналдық инфрақұрылым салу жоспарлануда, бұл 2019 жылмен салыстырғанда, 1,5 есе артық.

ЭЛЕКТРМЕН ЖАБДЫҚТАУ

Қазіргі уақытта облыстың электр энергиясымен қамтамасыз етілуі 100%-ды құрайды.

2019 жылы инвестициялық бағдарлама аясында жалпы сомасы 1,2 млрд теңгені құрайтын жұмыстар атқарылды.

Энергия объектілерінің тозуын төмендету мақсатында жөндеу қоры аясында 2019 жылы 646,4 км электр беру желілері мен 221 трансформаторға жөндеу жүргізілді.

2020 жылы бекітілген инвестициялық бағдарламаға және құрал-жабдықтарды жөндеу қорына сәйкес 1,8 млрд теңгеге іс-шаралар жоспарланып отыр.

Жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды кеңейту мақсатында Қарғалы ауданында қуаты 48 МВт жел электр станциясы пайдалануға берілді.

Бұл «жасыл энергия» өндіру бойынша ірі жобаны Eni итальяндық инвесторы General Electric компаниясымен бірлесіп іске асырды, ЖЭС құрылысын «Arm Wind» ЖШС жүргізуде. Инвестиция көлемі шамамен 100 млн долларды құрады (немесе құрылыстың басталуына 33 млрд теңге).

2020 жылы осы инвестициялық жобаның екінші кезеңін іске асыру жоспарлануда.

Өңірдің тұтынушыларын үздіксіз электр энергиясымен қамтамасыз ету және энергетикалық жүйенің сенімділігін арттыру үшін 2019 жылы «2030 жылға дейін перспективаға Ақтөбе облысының 35-500 кВ электр желілерін дамыту жоспары» әзірленді.

Ақтөбе қаласын қосымша қуаттылықпен қамтамасыз ету үшін осы жоспарды іске асыру шеңберінде «Батыс Транзит» АҚ-мен келесі тәртіппен электр беру желілерін салу туралы келіссөздер жүргізілуде.

І кезең – «Өлке» ҚС-дан «Еуразия Ақтөбе АЭА» ҚС-ға дейін 220 кВ желілерін салу.

ІІ кезең – Ақтөбе қаласын электрмен жабдықтауды қамтамасыз ететін ҚС-да айналмамен «Ақтөбе АЭА» ҚС-дан «Еуразия Ақтөбе АЭА» ҚС-ға дейін 220 кВ желілерін салу.

Және ағымдағы жылы Ақтөбе қаласында 2017 жылы басталған Ақжар-2 ПС220/110/35/10кВ кеңейтілуі жобасы және «Нұр Ақтөбе» шағын ауданында салынатын Восточная ПС 110/10кВ құрылысы мен ВЛ-110 кВ алаңнан тыс электржабдықтау жүйесінің жобаларын аяқтау жоспарлануда.

***жыл ішінде жаңа жобаларды (құрылыс, қайта құру және т.б.) іске асыру мәселелері қосымша пысықталатын болады.

СУМЕН ЖАБДЫҚТАУ ЖӘНЕ СУ БҰРУ

Халықты сапалы ауызсумен қамтамасыз ету өмірлік маңызды мәселе болып табылады.

2019 жылғы жұмыс қорытындысы бойынша тұрғындарды орталық сумен қамтамасыз ету 94,6%-дан 95,2%-ға артты. 2019 жылы облыстың сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін дамыту аясында барлығы 7 жоба іске асырылды.

2020 жылы кемінде 18 сумен жабдықтау жобасын іске асыру жоспарланған, бұл халықтың қамтылуын 95,7%-ға дейін арттыруға мүмкіндік береді.

2020 жылы іске қосу мерзімімен сумен жабдықтау және
су бұру объектілерінің құрылысы
Ақтөбе қаласы
1 Заречный-1 кентіндегі сумен жабдықтау желілерін қайта жаңарту
2 Елек су жинағыштарының сол жақ және оң жақ жағалауын кеңейту
3 Қарғалы ауылындағы су құбыры желілерін және құрылыстарын қайта жаңарту
Әйтеке би ауданы
4 Аралтоғай ауылындағы сумен жабдықтау нысандарының құрылысы
5 Ақкөл ауылындағы сумен жабдықтау нысандарының құрылысы
6 Сұлукөл ауылындағы сумен жабдықтау нысандарының құрылысы
7 Сарат ауылындағы сумен жабдықтау нысандарының құрылысы
8 Толыбай ауылындағы су құбырын салу
Ырғыз ауданы
10 Ырғыз ауылының су құбыры желілерін қайта жаңарту
Мәртөк ауданы
11 Родниковка ауылындағы сумен жабдықтау жүйесін қайта құру және кеңейту
Мұғалжар ауданы
12 Ембі қаласындағы биотазартқыш құрылыстарын қайта жаңарту
Темір ауданы
13 Тасқопа ауылындағы су құбыры желілерінің құрылысы
14 Кеңқияқ ауылының су құбыры желілерін қайта жаңарту
Ойыл ауданы
15 Ақшатау ауылындағы сумен жабдықтау нысандарының құрылысы
16 Саралжын а/о Ақкемер ауылындағы сумен жабдықтау нысандарының құрылысы
17 Қайыңды а/о Көсембай ауылындағы сумен жабдықтау нысандарының құрылысы
Шалқар ауданы
18 Мөңке би ауылындағы сумен жабдықтау желілерінің құрылысы
19 Шалқар қаласындағы М.Шманұлы ауылын дамыту аймағында су құбыры желілерінің құрылысы

Сонымен қатар Ақтөбе қаласының ең өзекті деген мәселелерді шешу бойынша кезең-кезеңмен жұмыс жүргізілуде:

Бірінші — ауызсу тапшылығының алдын алу:

– жалпы құны 1,9 млрд теңге тұратын Елек су тоғанын (14 ұңғыма) кеңейту бойынша жұмыстар жүргізілуде.

– Құндақтықыр су тоғанын кеңейту бойынша жобалық-сметалық құжаттама әзірленуде (8 ұңғыма). Жоба бойынша құрылыс-монтаж жұмыстары ағымдағы жылы басталады деп жоспарланған.

– Сарыбұлақ су тоғанында іздеу-барлау жұмыстарын жүргізу бойынша жобалау-сметалық құжаттама әзірленуде. Іздестіру-барлау жұмыстарын ағымдағы жылы бастау жоспарланып отыр.

– Моисеев бас тоғанында іздеу-барлау жұмыстарын жүргізу.

Жоғарыда көрсетілген барлық жобалар іске асырылғаннан кейін Ақтөбе қаласына қосымша тәулігіне 126,5 мың текше метр су берілетін болады және бұл 40 жылға тұрақты сумен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Екінші – кәріздік-тазарту құрылыстары (бұдан әрі-КТҚ).

Қазіргі КТҚ жабдығының тозығы жетуіне байланысты бүгінгі күні жаңа КТҚ құрылысы қажет.

«ТКШ ҚазОрталығы» АҚ-мен бірлесіп, «Ақтөбе қаласында КТҚ құрылысы» жобасы бойынша жобалық-сметалық құжаттама одан әрі дайындай отырып, ТЭН (техника-экономикалық негіздеме) әзірленуде.

Осыған байланысты, инвесторлармен жаңа кәріздік тазарту құрылысы бойынша келіссөздер жүргізілуде.

***жыл ішінде жаңа жобаларды (құрылыс, қайта құру және т.б.) іске асыру мәселелері қосымша пысықталатын болады.

ГАЗБЕН ЖАБДЫҚТАУ

Жергілікті атқарушы органдар жұмыс басымдықтарының бірі  тұрғындарды газбен қамтамасыз ету болып табылады.

Облыстың газ құбырларының жалпы ұзындығы 6 720 км құрайды. Облыстың 315 елді мекенінің 113-і (35%) газдандырылған, онда 792 мыңнан астам адам немесе облыс халқының 90,1%-ы тұрады.

2019 жылы республикалық және облыстық бюджет есебінен жалпы құны 5,7 млрд теңге көлемінде 21 газбен жабдықтау жобасы жүзеге асырылды. Нәтижесінде 8200 адамнан астам халқы бар 16 елді мекен газбен жабдықталды.

2019 жылдың қорытындысы бойынша халықты қамтамасыз ету көрсеткіші 1,6%-ға артты.

Қазіргі уақытта жалпы құны 2,2 млрд теңге болатын 11 газбен жабдықтау жобасы іске асырылуда. Жобаны аяқтау 2020 жылдың соңына дейін жоспарланып отыр. Нәтижесінде 6000 мың халқы бар 6 елді мекен газдандырылады.

Аяқталуы 2020-2021 жж. жоспарланған

11 газбен жабдықтау бойынша жобалар:

Әйтеке би ауданы
1 Талдысай ауылындағы ауылішілік газ құбырының құрылысы
Алға ауданы
2 Тікқайың (Ивановка), Көктоғай (Голубиновка), Қарақобда ауылдарына газ құбырларын жеткізу  құрылысы
3 Тікқайың (Ивановка) ауылындағы ауылішілік газ құбырының құрылысы
4 Көктоғай (Голубиновка) ауылындағы ауылішілік газ құбырының құрылысы
5 Қарақобда ауылындағы ауылішілік газ құбырының құрылысы
Байғанин ауданы
6 Жарлы ауылына газ құбырларын жеткізу  құрылысы
7 Жарлы ауылындағы ауылішілік газ құбырының құрылысы
8 Кемерши ауылындағы ауылішілік газ құбырының құрылысы
Ырғыз ауданы
9 Ақши ауылына газ құбырларын жеткізу құрылысы
10 Шеңбертал ауылына газ құбырларын жеткізу құрылысы
11 Құрылыс ауылына газ құбырларын жеткізу құрылысы

Сонымен қатар облыста «Бұқара-Орал» МГ газ құбыры-бұруға шамадан тыс жүктеме болуына, сондай-ақ Жаңажол ГӨЗ-нан «Жаңажол-Ақтөбе» МГ желісі тозуына, газға сұраныстың болжамды өсуіне байланысты газ тапшылығы бар екенін атап өту қажет.

Осыған байланысты қазіргі уақытта әкімдік Үкіметпен бірлесіп «Ақтөбе облысы Ақтөбе қаласында магистральды газ құбыры-бұру 3 желісінің құрылысы» жобасын жүзеге асыру бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Сондай-ақ «Ақтөбе қаласында «Жаңажол – Ақтөбе» МГ 2-тармағының құрылысы» жобасын іске асыру жоспарлануда. 2-ші желінің құрылысы 135 елді мекенде халық саны 187 000 адамнан асатын Мұғалжар, Байғанин, Темір, Ойыл, Алға аудандарын үздіксіз газбен жабдықтау үшін жағдай жасайды.

***жыл ішінде жаңа жобаларды (құрылыс, қайта құру және т.б.) іске асыру мәселелері қосымша пысықталатын болады.

АВТОЖОЛДАР ЖӘНЕ КӨЛІК

Автомобиль жолдарының сапасы және қоғамдық көлікпен қамтамасыз ету өңірдегі ең өзекті және халық талқылайтын мәселелердің бірі болып табылады.

2019 жылы облыстың автожол саласын дамытуға 19,7 млрд теңге бөлінді, оның есебінен 347,1 км жол жөнделді.

Бұл ретте қолданыстағы жол қабатын қалпына келтіруге мүмкіндік беретін  жаңа «ресайклдеу» – жолдарды жөндеу инновациялық әдісін пайдалану жалғастырылуда. Бұл қайта жаңарту, жөндеу және шығындарды қысқартуға мүмкіндік береді.

2019 жылы «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында 911 жұмыс орны ашылды.

2019 жылы 18 көліктік инфрақұрылымдық жобаны жүзеге асыру үшін республикалық бюджеттен 9,3 млрд теңге бөлінді және жергілікті бюджеттен 1,7 млрд теңге қосымша қаржыландырылды. Соның есебінен 3,7 км автомобиль жолдары салынды және қайта жаңартылды, сондай-ақ облыстық және аудандық маңызы бар 265,5 км автожол жөнделді.

2020 жылы 55,9 млрд теңге сомасына облыстың 636 км автомобиль жолдарын жөндеу жоспарланған, оның ішінде жергілікті маңызы бар 480 км автомобиль жолдарын 23 млрд теңге сомасына және 2017 жылы басталған республикалық маңызы бар Ақтөбе-Атырау автожолының 156 км учаскесін 32,9 млрд теңге сомасына жөндеу жоспарланған.

Ағымдағы жылы «Ақтөбе қаласының оңтүстік айналма жолы» автожолы мен Сельмаш ауданындағы жол өтпесін қайта жаңарту жұмыстарын аяқтау, Ақтөбе-Орск автожолының 8-16 км учаскесін қайта жаңартуды және Ойыл-Қараой, Шалқар-Бозой және т.б. жол учаскесін орташа жөндеуді аяқтау жоспарлануда.

***жыл ішінде жаңа жобаларды (құрылыс, қайта құру және т.б.) іске асыру мәселелері қосымша пысықталатын болады.

Қоғамдық көлікке келер болсақ, бүгінгі күні Ақтөбе қаласында «Автопарк» ЖШС және «ПАТП» ЖШС тасымалдаушылары 52 маршрутқа қызмет көрсетеді, 400-ден астам автобус жұмылдырылады.

Ақтөбе қаласының қоғамдық көліктерінде электронды билеттеуді енгізу бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Бүгінде «ПАТП» ЖШС 90 автобусқа стационарлық валидаторлар орнатты, бұл жалпы парктің 80%-ын құрайды.

Сондай-ақ, «Автопарк» ЖШС электронды билеттеуді енгізуге кіріседі.

Ағымдағы жылы әлеуметтік маңызы бар Ақтөбе-Шалқар теміржол бағытын субсидиялауға 330 млн теңге бөлінді. Осылайша, Шалқар ауданы тұрғындарының вагондардың санын көбейту туралы өтініші қанағаттандырылды.

«Ақтөбе халықаралық әуежайы» АҚ 2019 жылы облыстың коммуналдық меншігіне берілді.

Бүгінде Нұр-Сұлтан, Алматы, Ақтау, Атырау және Мәскеу қалаларына тұрақты рейстерді отандық және «Аэрофлот» авиакомпаниялары жүзеге асырады.

Түркияның Анталия, Мысыр елінің Шарм Эль Шейх қалаларына  чартерлік авиатасымалдар жүзеге асырылады.

2019 жылы жолаушылар саны 463 мың адамды құрап, 2018 жылмен салыстырғанда 52 мың адамға немесе 12,6%-ға артты. Тасымалданған жүк көлемі 3,2 есеге артып, 5 мың тоннаны құрады.

Ағымдағы жылы «Ақтөбе» әуежайының транзиттік әлеуетін арттыруға мүмкіндік беретін еркіндіктің бесінші деңгейін ұсыну жоспарлануда. Ақтөбе әуежайының дамуы жолаушылар мен жүк ағынын ұлғайтуға мүмкіндік береді, бұл көлік тораптарының түйіскен жерінде орналасқан аймаққа осы бағыттағы дамуға жаңа серпін береді.

Жаңа әуе маршруттарды дамыту шеңберінде Қазақстан Республикасының барлық авиакомпанияларымен, оның ішінде «FlyArystan» әуе компаниясының өкілдерімен жұмыс жүргізілуде.

Облыс үшін маңызды мәселелердің бірі — Әйтеке би ауданында «Үшқатты-Союзное РФ», Қобда ауданында «Жиренқопа-Первомайское» Шалқар ауданында «Бозой-Нөкіс» үш халықаралық автомобиль өткізу пункттерін ашу. Бұл өңірдің көлік-логистикалық әлеуетін айтарлықтай арттыруға, көлік ағынын қайта бағдарлауға мүмкіндік береді.

Пункттердің ашылуы аймақтың қосымша экономикалық өсуін 0,3% деңгейінде қамтамасыз етуге, ЖӨӨ құрылымындағы көлік үлесін 9-дан 14%-ға дейін арттыруға, сондай-ақ Ресеймен және Орталық Азия елдерімен елдің тауар айналымын айтарлықтай арттыруға мүмкіндік береді.

ЦИФРЛАНДЫРУ ЖӘНЕ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕР

Мемлекет өмірінің негізгі салаларын, оның ішінде мемлекеттік қызмет көрсету саласын цифрландыру — бүгінгі күннің талабы және алдымызда тұрған өзекті мәселелердің бірі.

Цифрлық технологияларды қолдана отырып, бір терезе қағидаты бойынша Ақтөбе қаласында Халықтық кеңсе табысты жұмыс істейді, онда 600-ден астам қызмет көрсетіледі. Осындай жобалар облыстың әр ауданында іске асырылуда.

2019 жылы мемлекеттік қызмет көрсету түрлерінің 80%-ы электрондық форматқа ауыстырылды, ал 2020 жылы бұл көрсеткішті 90%-ға жеткізу жоспарлануда.

Интернетке қолжетімділікке келетін болсақ, бүгінгі таңда облыс халқының 80%-ы 10 Мбит/с-тан астам жоғары жылдамдықты интернетпен қамтамасыз етілген.

2021 жылға қарай талшықты оптикалық байланыс желісі және LTE (ұялы байланысқа арналған жоғары жылдамдықты сымсыз интернет) технологиялары бойынша сапалы интернетпен қамтылған облыс халқының үлесін 93%-ға дейін арттыру жоспарланып отыр.

Интернет сапасының жақсаруы барлық салаларда цифрландыру деңгейін жаппай дамытуға септігін тигізеді.

Бүгінгі таңда балабақшаларда, мектептерде, колледждерде және ауруханаларда өтініш қабылдаудан бастап жолдама беруге дейінгі барлық қызметтерді есепке алу толық автоматтандырылған.

2020 жылы төмендегідей жұмыстар жүргізілетін болады:

– барлық шұғыл қызметтерді біріктіретін Бірыңғай кезекшілік-диспетчерлік «112» қызметін құру (қоңырау шалу уақытын 10 секундқа дейін қысқартады; қызметтердің әрекет етуі 10 минуттан 5 минутқа дейін);

тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы жұмысын бақылау жүйесін құру (Бұл жүйе тұрғын үй-коммуникалдық шаруашылық қызметінің әр қызметкерін бақылауға мүмкіндік береді және төлем тек атқарылған жұмыстар бойынша ғана жүргізілетін болады);

– фото-бейнетіркеу және құқықбұзушылықтарды анықтау жүйесін іске қосу;

– Ақтөбе қаласын ақылды жарықтандыру.

Бүгінгі таңда цифрландырудың аса өзектілігін ескере отырып, облыс басшылығы аталған саланы дамытуға ерекше көңіл бөліп отыр.

Бүгінгі күні бұл бағытта тез арада толықтыру қажет ететін олқылықтар да жетеді.

ЭКОЛОГИЯ

Облыстағы экологиялық жағдай облыс тұрғындарының алаңдаушылығын туғызуда. Бұл салада Үкіметтің және облыстың белсенді тұрғындарының, еріктілердің көмегімен шешілетін бірқатар проблемалар бар.

Көкжиде жерасты көліне қатысты көптеген мәселелер көтерілді.

Осы ретте 2019 жылы «Көкжиде-Құмжарған» ерекше қорғауға алынған табиғи аумағы құрылған болатын. Тұрақты негізде Көкжиде жерасты және жерүсті суларына мониторинг жүргізілуде.

Ақтөбе қаласындағы жағымсыз иістің басты көздерінің бірі – қалалық кәріз-тазарту құрылыстарының қанағаттанарлықсыз жағдайы. Осыған байланысты оларды модернизациялау жөніндегі жобаны әзірлеп, оны іске асыруды 2020 жылдан бастауды жоспарлап отырмыз (құны — 16,9 млрд теңге).

Алға химия зауытының қалдықтарын жою Үкімет көмегімен шешілуде, бұл мақсаттағы жұмыстарға биылғы бюджеттен қаражат қарастырылған.

Шалқар көлінің түбін лайдан тазарту бойынша Үкіметтің қаулы жобасы әзірленуде, ол  одан әрі пысықталатын болады (шамамен құны — 3,1 млрд теңге).

Облыстық бюджет аясында 2020 жылға Қобда ауданының Қобда, Байғанин ауданының Қарауылкелді және Мәртөк ауданының Мәртөк ауылдарында 3 тұрмыстық қатты қалдықтар полигонын салуға 450 млн теңге көлемінде қаржы бөлінді.

Аталмыш жобаларды іске асыру экологиялық талаптар мен санитарлық ережелерге сәйкес келетін тұрмыстық қатты қалдықтарды орналастыру объектілерінің үлесін ұлғайтуға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар Ойыл, Ырғыз, Комсомол және Қарабұтақ ауылдарында  тұрмыстық қатты қалдықтарды орналастыру полигондарын салу мәселесі жоспарлы түрде қарастырылуда.

Қарғалы, Елек, Бұтақ өзендерінің арналарын кеңейту бойынша жұмыстарды жүргізу мәселелері Ақтөбе қаласы тұрғындарының ерекше алаңдаушылығын туғызып отыр. Қазіргі таңда әкімдік Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігімен бірлесіп, жобалау-сметалық құжаттаманы түзету бойынша шаралар қабылдауда. Жұмыстарды одан әрі жүргізу жұртшылық пен сарапшылардың пікірін ескере отырып жүзеге асырылатын болады.

ХАЛЫҚТЫҢ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТЫЛУЫН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ

Халықты жұмыспен қамту — барлық деңгейдегі әкімдер қызметінің басты міндеті. Бұл бағытта келесі жұмыстар атқарылды:

2019 жылы 21 138 жаңа жұмыс орны ашылды, оның ішінде 58%-ы тұрақты.

Өңірде нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы белсенді жүзеге асырылуда, оның негізгі мақсаты — өзін-өзі жұмыспен қамтыған және жұмыссыз халықты белсенді экономикалық қызметке барынша тарту.

2019 жылы 36 035 адамды жұмыспен қамту жоспарланған болатын. Жұмыс артығымен орындалды. 43 132  адам жұмысқа орналасты.

Бағдарлама аясында қолдау шараларымен 2,9 мыңнан астам адам қамтылды, олар қажетті мамандықтар бойынша оқуға жіберілді.

Жалпы қабылданған шаралардың арқасында жалпы жұмыссыздықты 4,8% (2019 ж. 3-тоқсан), ал жастар жұмыссыздығын 3,3% (ҚР – 3,8%) деңгейінде ұстап қалу мүмкін болды.

2019 жылға шетелдік жұмыс күшін (ШЖК) тарту бойынша квота 1670 бірлікті құрады, жыл қорытындысы бойынша 978 азаматқа рұқсат берілді, яғни квота 58%-ға пайдаланылды.

2020 жылға квота бойынша шетелдің жұмыс күшін  тарту 1305 бірлікке дейін төмендеді. Бүгінгі таңда 85 жұмыс беруші тарапынан 32 890 қазақстандық қызметкерлер тартылған, бұл — олардың жалпы санының 97%-ы.

2020 жылы 4-санат бойынша (білікті жұмысшылар) шетелдік жұмыс күшін тартуға квота толық қысқартылды.

Биыл облыстың жұмыспен қамтудың Кешенді жоспары аясында 36 000-нан астам адамды жұмыспен қамту, кем дегенде 21 000 жаңа жұмыс орындарын ашу жоспарланып отыр.

БІЛІМ

Бұл салада нақты міндет — білім беру сапасын арттыру.

Білім мен ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру қорытындысы бойынша облыста белгіленген барлық көрсеткіштерге қол жеткізілді.

Білім беру саласына облыс бюджетінің 35%-ы (96,8 млрд теңге) бөлінеді.

2019 жылы 2000 орындық 21 балабақша пайдалануға берілді, бұл 3 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен 100% қамтуға мүмкіндік берді. Балабақшаға жолдаманы тіркеу және беру электрондық форматқа ауыстырылды.

Мектепке дейінгі ұйымдарда атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасылардан шыққан балалардың тамақтануы үшін 70% жеңілдік төлеу мәселесі шешілді.

Болашақ мамандарға белсенді қолдау көрсетілуде. Өткен жылы жергілікті бюджет есебінен 280 грант бөлініп, оның ішінде 180 грант атаулы әлеуметтік көмек алатын балалар мен көпбалалы отбасылардан шыққан балаларға берілді.

Пайдалануға берілген 12 мектеп 5 үш ауысымды, 7 ескі және апатты жағдайдағы мектептер проблемасын шешуге мүмкіндік берді.

Апатты жағдайдағы мектептердің ғимараттарын қайта жаңартуға, күрделі жөндеуге және жаңғыртуға көп көңіл бөлінеді, сондай-ақ 20 мектепке заманауи жабдықтармен жарақтандырылған 73 пәндік кабинет сатып алынды.

27 колледжде 214 кәсіпорынның қатысуымен 38 мамандық бойынша дуальды оқыту әдісі енгізілуде.

Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында мектептерді бейнебақылау жүйесімен жабдықтау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Қазіргі уақытта мектептер 62%-ға жабдықталды. Бұл мақсатқа 2020 жылы 300 млн теңге бөлу қарастырылған, бұл барлық мектептерді бейнекамералармен жабдықтауға мүмкіндік береді.

Жыл басынан бері арнайы орта білім алатын колледж студенттерінің шәкіртақысы 25%-ға артты. Бұл біздің 7000 студент үшін үлкен қолдау болады.

2020-2022 жылдары 2,5 млрд теңгеге облыстың 68 мектебінің 254 кабинетін жабдықтау жоспарланған.

2020 жылы мемлекеттік-жекешелік серіктестік механизмі арқылы Ақтөбе қаласының автожол, медицина және политехникалық колледждерінің (500-ден астам орын) студенттерін жатақханамен қамтамасыз ету бойынша жобаларды іске асыру жоспарлануда.

Сондай-ақ, үш ауысымды және апатты жағдайдағы мектептерді жою, оқушы орындарының жетіспеушілігін жою үшін 1880 орындық 5 мектеп пайдалануға беріледі.

Сонымен қатар жан басына қаржыландыру аясында ағымдағы жылы Батыс-2 ауданында жеке инвестициялар есебінен 2 мектептің (1800 орындық) құрылысы жүргізілуде.

ТжКБ (Техникалық және кәсіби білім) жүйесі оқу орындарының материалдық-техникалық базасын нығайтуға бағытталған «Жас маман» жобасын іске асыру үшін 1,6 млрд теңге бөлінді.

ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУДЫ ДАМЫТУ

Облыста денсаулық сақтауды дамытуға ерекше көңіл бөлінуде. Жаңа медициналық мекемелер салынып, жұмыс жасап тұрған емдеу мекемелерінің материалдық-техникалық базасы нығаюда, халыққа медициналық қызмет көрсету сапасы жоғарылауда.

Облыс тұрғындары үшін медициналық көмектің сапасы мен қолжетімділігін айтарлықтай жақсартуға мүмкіндік беретін «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру сәтті аяқталуда.

Соңғы 3 жылда өңірде жалпы құны 11 млрд теңгеден астам 30 медициналық мекеме салынды. Олар жедел медициналық жәрдем станциясы, «Дару жарығы» офтальмологиялық клиникасы, ауылдық жерлердегі 22 денсаулық сақтау нысаны (12 дәрігерлік амбулатория, 4 фельдшерлік-акушерлік пункт, 6 медициналық пункт).

Жылдан-жылға медициналық мекемелерді заманауи инновациялық медициналық жабдықтармен жабдықтау жақсаруда.

Облыста батыс аймақтағы ең ірі өңірлік медициналық кластер —  600 орындық «Aktobe medical center» көпбейінді ауруханасы жұмыс жасайды.

Осының барлығы облыстың негізгі демографиялық көрсеткіштерінің жақсаруына негіз болды. Соңғы 3 жылда облыста халықтың өмір сүру ұзақтығы 72-ден 73,4 жасқа дейін, бала туу  4,9%-ға өсті, жалпы өлім-жітім 5,7%-ға төмендеді.

2020 жылы облыстық перинаталдық орталық пен облыстық балалар ауруханасын біріктіру жолымен ана мен баланың жаңа орталығын ашу жоспарлануда. Онда босанғанға дейін бақылау-медициналық-генетикалық зертханасы мен Экстра-корпоралдық ұрықтандыру (ЭКО) орталығы бар әйелдер консультациясы, жаңа туған нәрестелерді күтуге арналған перзентхана және неонаталдық блок, әйелдер мен балаларды босанғаннан кейінгі бақылауға арналған бөлімше ұйымдастырылады.

Біріктіру жолымен ашылған орталық жедел емдеуді қажет ететін туа біткен даму кемістігі бар балаларды неонатальды немесе кардиохирургияға дереу аударуға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар ауылдарда кадр тапшылығын азайту мен сапалы медициналық көмек көрсетуді қолжетімді ету мақсатында биыл 50 дәрігерге жергілікті бюджеттен тұрғын үй сатып алу үшін әрқайсысына 1,5 млн теңгеден қаржы бөлінді.

Осыған қарамастан, облыс тұрғындарының жедел жәрдем қызметінің шақыртуларға жедел әрекет ету жұмысына ескертулері бар екенін атап өткен жөн.

Бұл мәселе облыс басшылығының бақылауында және жұмысты жақсарту бойынша барлық қажетті шаралар қабылданатын болады.

ДЕНЕШЫНЫҚТЫРУ ЖӘНЕ СПОРТТЫ ДАМЫТУ

Мемлекетіміздің стратегиялық бағыттарының бірі — спорт мекемелерінің желісін кеңейту және халық арасында денешынықтыруды дамыту.

2019 жылы жүйелі түрде денешынықтырумен және спортпен айналысатын халық 31,4%-дан 31,8%-ға дейін артып, 278,3 мың адамды құрады.

2019 жылы ақтөбелік спортшылар әлем чемпионаттарының 7 медалін, Азия чемпионаттарының 8 медалін, Қазақстан чемпионаттарының 95 медалін, Қазақстан Республикасының 5-ші жазғы спартакиадасының 85 медалін жеңіп алды.

1500-ден астам спорттық-бұқаралық іс-шара (60 000-нан астам адамның қатысуымен), оның ішінде 10 халықаралық және 20 республикалық деңгейдегі спорттық жарыстар өткізілді.

Облыста алғаш рет Х республикалық жазғы Универсиада өтіп, оған 2 мыңнан астам студент-спортшы қатысты.

40 елден 200-ден астам спортшы қатысқан қазақ күресінен әлем чемпионаты, ұлттық спорт түрлерінің 5-ші республикалық фестивалі өткізілді.

Мүмкіндігі шектеулі адамдар арасында спортты дамытуға ерекше көңіл бөлініп келеді. 2019 жылдың қыркүйегінде 5-ші республикалық Паралимпиадалық ойындар өтіп, оған еліміздің 17 өңірінен 1000-нан астам адам қатысты. Қазақстан Республикасының құрама командалар қатарына мүмкіндігі шектеулі 69 адам алынды.

Спорт ғимараттарының құрылысы белсенді жүргізілуде. Мәртөк ауылында денешынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысы аяқталды. 2020 жылы Ырғыз, Қарғалы, Әйтеке би, Байғанин, Темір және Хромтау аудандарында бұрын басталған денешынықтыру-сауықтыру кешендерінің құрылысын аяқтау жоспарлануда.

Сонымен қатар аудандарда «Ауыл орталығы» жобасын жүзеге асыру жоспарлануда.

Сондай-ақ Ақтөбе қаласында иппотерапия әдісімен дене мүмкіндіктері шектеулі балаларды оңалту және емдеу үшін ат қорасы бар жабық манеж құрылысын аяқтау жоспарлануда.

«РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ» БАҒДАРЛАМАСЫН ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ, МӘДЕНИЕТ ПЕН ӨНЕРДІ ДАМЫТУ

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында облыста түрлі әлеуметтік-гуманитарлық бағыттар мен жобалар бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Жергілікті бизнес тарапынан қайырымдылық пен меценаттық мәдениет дамуда. «ТУҒАН ЖЕРГЕ ТАҒЗЫМ» акциясы аясында бюджеттен тыс қаражатқа жалпы сомасы

1 млрд 555 млн теңгеге 620 жоба іске асырылды.

«100 ЖАҢА ОҚУЛЫҚ» арнайы жобасы аясында облыстың жоғары оқу орындары  аударылған 48 кітаптың 20 000 данасын алды.

Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінде 14 жаңа білім беру пәні енгізілді. «Жұбанов кітапханасы» сериясы аясында жоспарланған ақтөбелік ғалымдардың 100 ғылыми-зерттеу жұмысының  22-сі жарық көрді.

Тарихи сананы дамыту және балалардың туған өлкесі туралы білімдерін арттыру мақсатында республика бойынша үздік деп танылған «Өлкетану» оқулығы жарық көрді. Өңірдің барлық мектептері осы оқулықтармен қамтамасыз етілген.

«ҚАЗАҚСТАННЫҢ КИЕЛІ ГЕОГРАФИЯСЫ» арнайы жобасы аясында облыстық тарихи-өлкетану музейінің жаңа ғимаратында 5 жаңа зал ашылды, экспонаттардың жалпы саны 100 мыңнан асты. Облыстың 32 сакралды ескерткішінің 3D моделін әзірлеу, 47 ескерткішке QR-код орнату жұмыстары, облыс аудандарында археологиялық қазбалар, Санкт-Петербург, Орынбор және т.б. қалаларында архивтік зерттеулер жүргізілуде.

Айта кету керек, Ақтөбе археологтары 2019 жылы үлкен жетістіктерге қол жеткізді. Атап айтар болсақ, Темір ауданының Тасқопа елді мекеніне жақын жерден археологтар алтын бұйымдармен әшекейленген, бай-қымбат киіммен жерленген сармат көсемінің қорғанын тапты. Табылған қорған біздің дәуірімізге дейінгі V ғасырға жатады. Қазіргі уақытта табылған заттар ғылыми зерттеулерге бағытталған.

15 000 оқушы Қазақстанның киелі жерлеріне экскурсияға барды. Қ.Жұбанов атындағы АӨМУ бастамасымен «Жұбановтан-Абайға» ғылыми-танымдық экспедициясы ұйымдастырылды.

Қала тұрғындары мен қонақтары үшін облыстық тарихи-өлкетану музейінде Абайдың «Жидебай-Бөрілі» әдеби-мемориалдық музейінің көрмесі ұйымдастырылады. Ол Абай дәуірін, оның қоғамдық қызметін, Шығыс классиктерінің сирек басылымдарын, батыс философтарының шығармаларын, ақын замандастарының естеліктерін сипаттайтын түпнұсқа құжаттармен, этнографиялық және архивтік материалдармен танысуға мүмкіндік береді.

«ЖАҺАНДЫҚ ӘЛЕМДЕГІ ҚАЗІРГІ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ МӘДЕНИЕТ» арнайы жобасы аясында «Бақытты бала» халықаралық балалар байқау-фестивалі өткізілді, оған 7 елдің (Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Украина, Түркия, Греция, Ресей Федерациясы) балалары мен жасөспірімдері қатысты.

2019 жылы облыстың шығармашылық ұжымдары 11 елге (Түркия, Люксембург, Бельгия, Ресей, Қырғызстан, Армения, Өзбекстан, Украина, т.б.) гастрольдік сапарларын жүзеге асырды.

«Әдеби өлкетану» жобасы аясында «Ақтөбе кітапханасы» кітаптар сериясын басып шығару аяқталды. Оған ақтөбелік ақындар мен жазушылардың 50 томдық ең үздік шығармалары кірді (бұрын 23 том шығарылды).

2019 жылдың қараша айында Ақтөбе қаласында белгілі ақындар мен жазушылардың қатысуымен республикалық әдеби форум өтті.

2019 жылы барлығы 28,5 мың мәдени іс-шара өткізілді.

2020 жылы кемінде 29 мың мәдени-бұқаралық іс-шара ұйымдастыру жоспарлануда.

Бірқатар мәдени және тарихи жобаларды іске асыру жоспарлануда:

– облыстық кітапхананың жобалық-сметалық құжатын әзірлеу;

– «Хан моласы» мемориалдық кешенінің аумағын абаттандыру;

– Досжан ишан мешітін қайта жөндеуді аяқтап, мәдени-танымдық кешен түрінде жасақтау жұмыстарын жүргізу;

– Кеңес Одағының Батыры Ә.Молдағұлованың жаңа музейінің құрылысы және т.б.

ЖАСТАРМЕН ЖҰМЫС

Өздеріңіз білетіндей, өткен жыл «Жастар жылы» деп аталды. Бұл жастардың әлеуетін іске асыруға серпін берді.

Қазіргі уақытта жастар саны 202,7 мың адамды немесе облыс халқының жалпы санының 23,3%-ын құрайды.

Басты міндет — жастарды жұмысқа орналастыру кезінде қолдау көрсету.

2019 жылы 17 682 адам жұмысқа орналастырылды (бос жұмыс орындарына – 9895; жастар тәжірибесіне – 3261; әлеуметтік жұмыс орындарына – 527; уақытша қоғамдық жұмыстарға – 3999). 65 бос орындар жәрмеңкесі өткізілді.

Өңірде жастар бағдарламалары мен жобалары белсенді түрде жүзеге асырылып келеді.

«Жас кәсіпкер» және «Бастау Бизнес» жобалары аясында 2646 адам оқытылды, сонымен қатар 224 жас кәсіпкер шағын несие алды.

«Жасыл ел» бағдарламасы бойынша 4604 адам жұмыс жасады.

«Дипломмен — ауылға» бағдарламасы бойынша 525 жас маман ауылдық жерге жұмысқа орналасты.

Тұрғын үй бағдарламасы аясында 100 жас отбасы мен мамандар баспана алды.

«СНПС-Ақтөбемұнайгаз» АҚ қолдауымен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған 45 жасқа тұрғын үй алу үшін жалпы сомасы 14 млн теңгені құрайтын бастапқы жарнаны төлеу бойынша көмек көрсетілді.

2020 жылы «Дипломмен – ауылға» бағдарламасы аясында 273 маманға тұрғын үй сатып алу үшін жалпы сомасы 1,1 млрд теңгеге бюджеттік несие және 400 маманға жалпы сомасы 106 млн теңге көлемінде көтерме жәрдемақы беру жоспарлануда.

Жастарды қолдау тек жастардың жылымен шектелмейді, бұл бастама жүйелі және тұрақты жүзеге асатын болады.

АЗАМАТТАРДЫҢ ҚАУІПСІЗДІГІН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ

Құқық қорғау органдары өкілдерімен бірлескен жұмыстың арқасында 2019 жылдың қорытындысы бойынша азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, қылмысқа қарсы күрес және алдын алу шаралары бойынша оң нәтижелерге қол жеткізілді.

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасымен бірлесе отырып, облыста 2016 жылдан бері өңір тұрғындарының өзекті мәселелерін нақты шешуге бағытталған «Халық қауіпсіздігін қамтамасыз ету» жобасы жүзеге асырылуда.

2019 жылы 3 «десант» аясында Ақтөбе қаласы мен аудандарда 2300 іс-шара өткізіліп, 94 мың адам қамтылды, 1720 адамға нақты көмек көрсетілді.

Жүргізілген жұмыстар нәтижесінде, өткен жылы 191 азамат деструктивті діни ағым әсерінен арылып,  дәстүрлі дін арнасына бейімделді.

Осы жобаны іске асыру және құқық қорғау органдарының жедел жұмысының нәтижесінде тұрғындар арасында қылмыс деңгейін төмендетуге қол жеткізілді.

Полиция органдарын қаржылық қолдау — қоғамдық тәртіпті қорғауда маңызды фактор. Мәселен, полиция департаментінің материалдық-техникалық базасын нығайтуға 1,2 млрд теңге бөлінді.

Нәтижесінде, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда тіркелген қылмыстар саны 23%-ға азайды (14649-дан 11279-ға дейін).

Сондай-ақ қоғамдық орындарда жасалған қылмыстар саны 35,1%-ға (7523-ден 4884-ке дейін) төмендеді, оның ішінде көшелердегі қылмыстар – 42,1% (3381-ден 1957-ге дейін).

Мұндай қылмыстардың алдын алу немесе жасалған қылмыстарды ашу үшін бейнебақылау жүйесін орнату керектігін атап өту қажет. Ағымдағы жылы бұл мәселені кезең-кезеңімен шешу жоспарланып отыр.

Ауыр қылмыстардың ашылуы 16,5%-ға (55,4%-дан 71,9%-ға дейін), аса ауыр қылмыстардың ашылуы 16,1%-ға (73,9%-дан 90,0%-ға дейін), кісі өлтіру қылмысы – 20,7%-ға (67,3%-дан 88,0%-ға дейін), ұрлық қылмысы – 58%-ға (14,6%-дан 73,4%-ға дейін), бұзақылық – 17,9%-ға (71,2%-дан 89,1%-ға дейін) жоғарылады.

Сондай-ақ кәмелеттік жасқа толмаған балалар жасаған қылмыстар 10,3%-ға азайды (146-дан 131-ге).

Дегенмен бұл салада шешілмеген мәселелер аз емес. Мәселен, жол-көлік оқиғаларының саны 35,3%-ға күрт өсті, кәмелетке толмағандар арасында немесе оларға қатысты, соның ішінде суық қаруды қолдану арқылы резонанстық қылмыс фактілері жиілеп кетті.

Құқық қорғау органдарының, әсіресе полиция қызметкерлері осы бағыттар бойынша жұмысты күшейтіп, халықпен және қоғаммен өзара белсенді іс-қимыл жасауы қажет.

Біз облыстың әрбір тұрғыны мен қонағы кез келген уақытта және кез келген жерде өздерін қауіпсіз сезінуіне  жағдай жасауымыз керек.

***

Негізінен алғанда, 2019 жылдың қорытындысы осындай.

Үстіміздегі жылғы міндеттерге қол жеткізу үшін бәсекеге қабілетті артықшылықты пайдалана отырып, экономикалық және әлеуметтік жетістіктерге жетуіміз қажет.

Жоғарыда аталған жоспарлар мен жобалардан басқа, жыл ішінде жергілікті атқарушы органдар тарапынан өткір мәселелер — инфрақұрылымдық проблемаларды шешу, жаңа жобаларды іске асыру, жобалау-сметалық құжаттамалары дайын болуына сай мәселелер қосымша пысықталатын болады. Осы жобаларды қаржыландыру бюджеттерді нақтылау  бойынша сессияда шешілетін болады.

Сондай-ақ 2020 жылы көптеген мерейтойлық және қоғамдық-саяси іс-шараларды атап өту керек. Олардың ішінде ең маңыздысы — Абайдың — 175, Әль-Фарабидің —1150, Алтын Орданың — 750, Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің — 75, Қазақстан Республикасы Конституциясының — 25, Қазақстан халқы Ассамблеясының 25 жылдығына және Еріктілер жылына арналған іс-шаралар.

Әлемдегі күрделі саяси және экономикалық ахуалды ескере отырып, қойылған міндеттерді орындау көп күшті талап етері анық.

Облыс тұрғындарының әл-ауқатын жақсарту атқарушы органдар мен тұрғындар арасында түсіністікпен бірлесіп атқарған жұмыстар нәтижесінде ғана жүзеге асырылады. Алға қойған жоспарларымызды орындап, межелерімізге жетуге жұмыла кіріссек, келер жылғы жетістігіміз бен көрер қуанышымыз мол боларына үлкен сеніммен қарауға болады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button