Рухани жаңғыру

Нәтиже көзі — жүйелі жұмыс

Семинар

Облыстық ішкі саясат басқармасының жанынан құрылған «Рухани жаңғыру» бағдарламасын басқару орталығының  ұйымдастыруымен «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асырудың жүйелі тәсілдері» тақырыбында семинар өтті.

Жиында аталған орталықтың басшысы Нұрлыхан Хасенов бағдарламаны  жүзеге асыру барысындағы өзекті мәселелерге тоқталып, 2020 жылы халықаралық деңгейде аталып өтілетін ұлы тұлғаларға арналған шараларды практикалық бағытта өткізу, бағдарламаның мән-маңызын түсіндіруде жүйелі жұмыс жасау туралы ұсынысын білдірді.

Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің ғылым және инновациялар жөніндегі проректоры Рахым Бекназаров «Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» және университетте жүзеге асырылған жаңа жобалар туралы, тарих ғылымдарының кандидаты Дәулет Әбенов сараптамалық кеңестің 2020 жылғы жұмыстары жөнінде, ҚР Мәдениет қайраткері, өлкетанушы  Еркін Құрманбек бағдарламаны насихаттау бағытында сөз қозғады.

Шара соңында облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Айбек Көпенов «Рухани жаңғыру» бағдарламасының үш жылдығы қарсаңында жаңа жобаларды жүзеге асыру, тың форматта өткізу,  әр шараның тәрбиелік жағына мән беру  керек екендігін айтып, шараны қорытындылады.

Қатысушыларға үлестірмелі ақпараттық материалдар таратылып, сұрақ-жауап түрінде пікірталас жүргізілді. «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру бойынша жауапты басқармалар мен мекеме мамандарына қатысты тиісті ұсынымдар қабылданды.

А.БОЛАТБЕКҚЫЗЫ.

Басқа жаңалықтар

Back to top button