Жаңалықтар

Құқықбұзушылыққа жол жоқ

Дөңгелек үстел

ҚР Ішкі істер министрлігі Батыс өңірлік әскери тергеу басқармасы Ақтөбе бөлімінің бастығы, әділет подполковнигі Қайрат Зайыровтың ұйымдастыруымен Ақтөбе қаласындағы Қорғаныс министрлігіне қарасты №30238 әскери бөлімде құқықбұзушылықты болдырмау, келеңсіз әрекеттердің алдын алу мақсатында дөңгелек үстел ұйымдастырылды.

Онда нақ осы бөлімде өткен жыл ауқымында тәртіп бұзушылықтар көптеп орын алғаны атап көрсетілді. Жарыссөзге шыққандар құқықбұзушылыққа жол беретін себептер, алдын алу шаралары туралы кеңінен пікір алысты.

№30238 әскери бөлімінің басшыларына, соның ішінде әлеуметтік құқықтық және тәрбиелік идеологиялық жұмыстары жөніндегі басшы құрамына әскери бөлімдегі келісім-шарт бойынша қызмет атқаратын әскери қызметшілермен және офицерлер құрамымен профилактикалық жұмыстарды жиі жүргізу тапсырылды.

Сұңғат ЖОЛТАЕВ.

Басқа жаңалықтар

Back to top button