Жаңалықтар

Қауіпсіздік шаралары нақтыланды

Облыс әкімінің орынбасары, су тасқынына қарсы облыстық комиссияның төрағасы Рахат Сыдықовтың жетекшілігімен көктемгі су тасқыны маусымына дайындық мәселелері қаралды. Бұл жөнінде тиісті мемлекеттік органдардың басшылары, Ақтөбе қаласы мен аудандардың әкімдері тыңдалды.

Соңғы үш жылдық ауқымында су тасқыны қаупі бар өзендердің түбін тереңдету, жағалауларды бекіту және тазалау, су бұру каналын салу, уақытша қорғаныс бөгеттерін салу бойынша нақты жұмыстар жүргізілгені атап өтілді.

Су тасқыны қаупі бар учаскелердің төлқұжаттарын реттеу барысында 12 мыңнан астам адам 33 елді мекеннің су басу қаупі бар аймақта тұратыны анықталды.

Сонымен қатар су тасқыны кезінде төтенше жағдайлар туындау қаупін азайту бойынша Жол картасы мен кешенді жоспарды жүзеге асыру нәтижесінде облыста бүгінгі күні бұрын қауіп аймағында болған 10 елді мекен қорғаныспен қамтылды.

Жиын қорытындысында тиісті мемлекеттік органдарға су тасқыны кезеңінде қауіпсіздіктің қажетті деңгейін қамтамасыз ету мақсатында алдын ала шаралар алу тапсырылды.

Н.ДАБЫЛОВ.

Басқа жаңалықтар

Back to top button