Жаңалықтар

Ақтөбелік еріктілер жақсылыққа қарай жүгіреді!

Ағымдағы жылдың 26 қаңтар күні Тұңғыш Президент саябағында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаменті «Ақтөбе – адалдық – алаңы» жобалық кеңсесімен бірлесіп, «Ізгілік елшісі» жобасы аясында еріктілер марафонын өткізеді.

Мемлекет басшысы Қ. Тоқаев «2020 – еріктілер жылы» деп жариялаған болатын, осы орайда департаменттің ұйымдастыруымен өткен марафонның басты мақсаты қаламыздағы еріктілердің басын қосып, салауатты өмір салтын ұстануға баулу және қатысушылардың бос уақытын тиімді пайдалану.

Ауа – райының қолайсыздығына қарамастан жексенбілік таңда марафонға қатысуға жүзден аса адам жиналды. Қатысушылардың жас ерекшеліктері 9 – 64 жасты құрады.

Еріктілер марафонына «McDonald’s» желісінің ұжымы, Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі өкілдері, «Aktoberun» жүгірушілер қауымдастығы, департаменттің ұжымы және ниет білдіруші тұрғындар қатысты.

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс – қимыл агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаменті Президент жарлығын қолдау мақсатында «Волонтеры бегут за добром» атты марафонның өтуіне атсалысып, қолдау білдіргені үшін облыстық спорт басқармасына, қалалық спорт бөліміне және «Leader-Q» ЖҚБ жастарына алғысын білдіреді

 

Басқа жаңалықтар

Back to top button