Жаңалықтар

Барлаушылар жорыққа шықты

Әскери даярлық

«Батыс» өңірлік қолбасшылығы барлау бөлімшелерінің барлаушылары Атырау, Ақтөбе және Маңғыстау облыстарындағы 4 полигонда далалыққа шығу жауынгерлік даярлығын арттыруды бастады.

Далалыққа шығу тұрақты орыннан жорыққа шығудан басталды. Әскери қызметшілер жауынгерлік міндеттерін орындауға «Қарабатан», «Бекет Ата», «Оймаша» және «Есет батыр» полигондарына шықты. Жолдың жартысына дейін техникамен, одан әрі әскери киім-кешекте, толық жабдығын арқалап шықты.

Командирлер бәрін ойластырған. Марш кезінде барлаушыларды құрылған тосқауыл мен зақымдалған аймақ секілді сынақтар күтіп тұрды. Басты мақсат —әскери барлаушылардың шыдамдылығы мен батылдығын тексеру, қандай сынақта да оларды босаңсымауға дағдыландыру.

«Далалыққа шығу — жас әскерилерге сұрапыл полигондық жағдайда алғашқы тәжірибелік оқуларды үйрету.Ал ересек тәжірибелі әскерилерге бұл жиын өздерінің жауынгерлік даярлықтарын тағы бір шыңдау үшін қажет. Офицерлер болса шешім қабылдау, мақсатты айқындау және олардың орындалуын талап ету секілді командалық дағдыларды жетілдіреді», — деді әскери бөлім командирі подполковник Есболат Нүрекешев.

«Батыс» өңірлік қолбасшылығы басқармасының баспасөз қызметшісі,

капитан Рустем Игісіновтің айтуынша, тәжірибе барысында қойылған міндеттерді толыққанды орындау үшін алдын ала құрылған шатырлы лагерь, жабдықтау бекеті, далалық асхана жұмыс жасайды, ал барлаушылар шынайы жорықта жүргендей өмір сүретін болады.

Үш апта бойы тәжірибелі офицер-нұсқаушылар мыңдаған әскери барлаушымен күні-түні100-ден астам қару-жарақ, әскери және арнайы техниканы пайдалана отырып, 100 сағаттан астам тәжірибелік және теориялық сабақтарын өткізеді.

Жиын барысында барлаушылар шартты қарсыластың байланысын істен шығару, торуылдау мен шабуыл жасау тактикасы, барлау-іздеу жұмыстары, байланыс пен бақылау жабдықтарының қазіргі заманғы түрлерімен таныстырылады.

Далалық жиын соңында барлау бөлімшелері бақылау сабақтары мен тактикалық-арнайы оқу-жаттығулар өткізеді.

М.РАХАТҚЫЗЫ.

Басқа жаңалықтар

Back to top button