Ресми

Ашық есік күні өтеді

Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Ақтөбе облысы бойынша департаменті әлеуметтік қорғау саласындағы маңызды мәселелерді түсіндіру мақсатында облыс тұрғындарына Ашық есік күнін өткізеді.

29 қаңтарда сағат 10.00-12.00 аралығында департамент басшысы мен мамандар азаматтарға бірқатар әлеуметтік мәселелерге байланысты түсіндіру жұмыстарын жүргізеді. Оның ішінде елімізде зейнетақы жүйесін 2030 жылға дейін жаңғырту тұжырымдамасын, яғни әйелдердің зейнеткерлік жасына қатысты 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап жүзеге асырылған өзгерістер, базалық зейнетақы төлемін жұмыс өтіліне байланысты тағайындау әдістемесі жан-жақты түсіндірілмек. Сонымен қатар азаматтар Ашық есік күнінде мүгедектікті белгілеу, мүмкіндігі шектеулі жандарды техникалық көмекші құралдармен қамтамасыз ету, оларға санаторлы-курорттық ем алу, қозғалуы қиын бірінші топтағы мүгедектерге жеке көмекшіні және есту қабілеті бұзылған жандарға арнайы маманның қызметтерін ұсыну сияқты департаменттің құзырына кіретін өзге де маңызды әлеуметтік мәселелер бойынша нақты жауап ала алады.

Азаматтарды қабылдау орны Ақтөбе қаласы Тургенев көшесі, 86-үй мекенжайында орналасқан. Тұрғындар 8 (7132) 54-51-95 телефоны арқылы қабылдауға алдын ала жазыла алады.

 Арайлым НҰРБАЕВА.     

Басқа жаңалықтар

Back to top button