Абай — 175

Абайды білесіз бе?

Акция

Кеше Ақтөбе қаласында қазақтың бас ақыны, ұлы ойшыл, ағартушы Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына арналған «Ұлылардың ұлысы — Абай»  атты акция өтті. Мақсат — қазақ поэзиясында шоқтығы биік тұлғаның өмірі мен шығармашылығын жастар арасында кеңінен насихаттау.

Соның ішінде еріктілер «Керуен сити» сауда, ойын-сауық орталығына келген жұртшылыққа, әсіресе, ұл-қыздарға ғұламаның өмірінен сыр шертетін сұрақтар қойды. Дұрыс жауап берген адамдардың еңбегі елеусіз қалған жоқ, оларға тәтті дәм бұйырды.

— Абай атамызға арналған қандай шара өтсе де жарасады, ол соған әбден лайық. Осы жолы ұлы ақынның өлеңдері мен қара сөздеріне қатысты жастарға  түрлі сұрақтарды қоюды жөн деп таптық. Ал оны дайындап келген — біздің еріктілер, яғни мектеп мұғалімдері мен олардың шәкірттері. Шара барысында жиналғандар Абайдың өлеңдерін мәнерлеп оқитын оқушының өнерін де тамашалай алды. Жақсы жауап бергендерге бауырсақ таратылды, — дейді Ақтөбе қалалық жастар ресурстық орталығының басшысы Жандос Табылғанов.

Абайдың туған-қайтыс болған жылдары, анасы мен әжесі кім, т.б. қамтылған сауалдарды Ақтөбе қаласындағы №53 орта мектептің мұғалімі Таңсұлу Жұбат дайындап әкелген. Өз кезегінде жас ұстаздың оқушылары да акцияда белсенділік танытты.

Айбек СЕРІКҰЛЫ.

Басқа жаңалықтар

Back to top button