Жаңалықтар

Қазақстандық ЮНЕСКО-ға мүше болды

Жуырда Ырғыз аудандық көркемсурет мектебі Қазақстандық Ұлттық ЮНЕСКО Клубтарының Федерациясына мүше болып, «Қазақстандық ЮНЕСКО клубының мүшесі» мәртебесіне ие болды.

2009 жылдан бері елімізде жұмыс жасайтын Қазақстандық ЮНЕСКО Клубтары Федерациясына бүгінде 100-ден астам республикалық мектептер мен қосымша білім беру ұйымдары мүше болып отыр. Федерацияның бас кеңсесі Алматы қаласында орналасқан.

— Бұл клубтың негізгі бағыттарына мәдени іс-шараларды өткізу, салауатты өмір салтын қалыптастыру, мәдени мұраны қорғау, дәстүрлі қолданбалы өнерді сақтау және тағы басқа республикалық деңгейдегі мәдени-көпшілік іс-шараларды ұйымдастыру жатады. Біздің аудандық көркемсурет мектебі бұл ұйымға мүшелікке қабылдана отырып, оқушылардың республикалық деңгейдегі мәдени-көпшілік шараларға, байқауларға тегін қатысуына мүмкіндік алып отыр. Алдағы уақытта осы бағытта нақты жұмыс жоспарын бекітіп, жоспарға сәйкес жұмыстар жүргізетін боламыз. Ең бастысы, мектептің дарынды, өнерлі оқушылары өз өнерлерін, таланттарын республикалық деңгейде көрсете алады. Бұл — біз үшін үлкен жетістік, — дейді Ырғыз аудандық көркемсурет мектебінің директоры Бауыржан Бұхарбаев.

Айта кету керек, бүгінгі күні аудандық көркемсурет мектебінде 334 бала қосымша білім алуда. Жыл сайын мектеп оқушылары республикалық, облыстық байқаулардан жүлделі орындарды иеленіп жүр.

 Д.ҚАЗИХАН,

Ырғыз ауданы.

Басқа жаңалықтар

Back to top button