Білім

140 оқушы алғашқы кезеңнен шеттетілді

Ақтөбе  облысында Ұлттық бірыңғай тестілеудің алғашқы кезеңі өтті. Оған облыс бойынша 4593 оқушы қатысып, соның 140-ы өздерімен бірге сынаққа рұқсат етілмеген зат кіргізгені үшін залдан шығарылды.

ҰБТ-ның бірінші кезеңі облыста 5 жерде: аудан орталықтары — Комсомол, Шалқар, Қандыағаш, Хромтауда және Ақтөбе қаласында өтті.  Сынақ талапқа сай өтуі үшін ҚР Білім және ғылым министрлігінің бұйрығына сәйкес «Ақтөбе — адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің және сыбайлас жемқорлыққа қарсы ведомствоның қызметкерлері, арнайы мониторингтік топтың мүшелері бақылады.

Бақылаудың қорытындысы бойынша алғашқы Ұлттық бірыңғай тестілеуге кіргізу барысында тыйым салынған заттармен 80 оқушы және тестілеудің өтуі барысында 60 мектеп оқушысы тыйым салынған заттармен ұсталды.

Қысқы маусымда ҰБТ тапсыру мүмкіндігінен айырылған 140 оқушы енді көктемгі сынаққа қатыса алады.

Зүлфия НАБИУЛИНА,

«Ақтөбе — адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің баспасөз хатшысы.

Басқа жаңалықтар

Back to top button