Басты жаңалықтар

Шетелдік көліктер тіркелуі тиіс

Анық-қанық

Облыстық ішкі істер департаменті бастығының орынбасары Қанат Әлиев шетелдік номермен жүрген көліктерді тіркеуге қатысты сұхбат берді. Оның айтуынша, құқық қорғау органдары жүргізетін жеке есеп бойынша, облыста бүгінде шетелдік номермен жүрген, яғни еуразиялық экономикалық елдерінде тіркелген 16 345 мың көлік бар. Оның 500-ге жуығы — Армениядан, 36-сы — Қырғызстаннан,  15 820-сы Ресейден әкелінген көліктер.

— Шетелде тіркеуде тұрған көлік сатып алған біздің азаматтар Қазақстанға келгеннен кейін 10 күннің ішінде баж салығын, басқа да төлемдерді төлеп, сол көлікті елде тіркетуі тиіс. Бұл туралы Қазақстан Республикасының Жол қозғалысы туралы Заңының 66-бабында айтылған, — деді ол.

Қ.Әлиевтің айтуынша, облыста былтыр өзге елдерде тіркелген көліктердің қатысуымен 95 жол-көлік апаты болған, соның салдарынан 14 адам көз жұмып, 145 адам жарақат алған. Сондай-ақ, былтыр автоматтандырылған бейнебақылау жүйесі арқылы осындай көліктердің 976 жол ережесін бұзғаны туралы дерек тіркелген. Сондықтан құқық қорғау органдары шетелдік номермен жүрген көліктердің жүргізушілеріне ерікті түрде тұлпарларын Қазақстанда тіркеуді ұсынып отыр. «Дегенмен бұл мәселеге қатысты шу шығарудың қажеті жоқ», — дейді ІІД бастығының орынбасары Қ.Әлиев.

М.САТАЕВА.

Басқа жаңалықтар

Back to top button