Абай — 175

Оқырмандар әдеби байқауға қатыса алады

Облыстық мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының қолдауымен С.Бәйішев атындағы облыстық әмбебап-ғылыми кітапханасының ұжымы қазақтың ұлы ақыны, ағартушы Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына байланысты  республикалық әдеби онлайн-байқау ұйымдастырмақ.

Мақсат — өскелең ұрпақтың бойында Абай шығармашылығына, сондай-ақ өлкеге, ұлттық мәдениетке деген сүйіспеншілікті арттыру, олардың туған тілі мен ұлтына деген мақтаныш сезімін қалыптастыру.

Кітапхана қызметкері Марал Сандыбайдың айтуынша, байқауға 3-11 сынып аралығындағы мектеп, арнайы орта оқу орындарының оқушылары қатыса алады. Басты шарт — қатысушылар тұрғылықты жері бойынша кітапхана оқырманы болуы қажет.

Әдеби конкурсты өткізу форматы — сырттай. Сондықтан қазылар алқасының құрамы жеңімпаздарды сырттай анықтайтын болады. Конкурсқа қатысушылардың материалдары электронды түрде қабылданады.  Байқауды өткізу мерзімі — 1-30 маусым аралығы, — деді М.Сандыбай.

Байқау шарттары мен өткізу тәртібі кітапхананың www.baishev.kz ресми сайтында жарияланған.

Арайлым НҰРБАЕВА. 

Басқа жаңалықтар

Back to top button