Жаңалықтар

2020 жылдың 16-19 қаңтар аралығында Ақтөбе облысында ұлттық бірыңғай тестілеуді өткізу жоспарлануда

Емтихан барысында ашықтықты және адалдықты қамтамасы зету мақсатында ҚР Сыбайлас жемқорлық қақарсы іс-қимыл агенттігінің Ақтөбе облысы департаменті жанындағы облыстың арнайы мониторингтік тобының мүшелері және «Ақтөбе-адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің менеджерлері, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы департаменттің қызметкерлері ҰБТ тапсыруға бақылаушы ретінде қатысады.

Тестілеу 4 күн ішінде Ақтөбе қаласы Қ.Жұбанов атындағы өңірлік мемлекеттік университеті базасында, сонымен қатар Хромтау, Шалқар аудандарында, Қандыағаш қаласы және Комсомол ауылында өтеді.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өкілдері қоғам белсенділерімен бірлесіп халық арасында парасаттылық, адалдық қағидаттарын қалыптастыру бойынша  жұмыстар жүргізуде.

Басқа жаңалықтар

Back to top button