Жаңалықтар

Ұлттық ұланның мерейі

Биыл Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланның құрылғанына — 28 жыл. Осыған орай Ақтөбе қаласындағы №6655 әскери бөлімінде салтанатты шара өтті.

Шарада жауынгерлік қызмет атқару барысында қырағылық танытқан, құқықтық тәртіп пен қоғамдық қауіпсіздікті сақтауға үлес қосқан 30-ға жуық әскери қызметкер марапатталды.

— 1992 жылы Қазақстан Республикасының ішкі әскері құрылды. Ал2014 жылдың 21 сәуірі күні Ұлттық ұлан атауы берілді.

Бүгінде Ұлттық ұлан сапына енгісі келетін сарбаздар көп. Бұл бағытта жыл сайын көктемгі және күзгі шақыртулар келеді. Осы сәтте сарбаздармен үгіт-насихат жұмыстары жүргізіледі. Бағын сынап көргісі келгендер арнайы тест тапсыруы шарт. Еліміздежоғары әскери арнайы бiлiмдi офицерлердi даярлайтын Ұлттық ұланның әскери институтыПетропавл қаласындаорналасқан. Оқу мерзiмi — төрт жыл. Өткен аға буын өкілдерінің жауынгерлік ерліктері бүгінде Ұлттық ұланның сапында қызмет етіп жүрген жауынгерлермен лайықты жалғасын табуда. Біздің жауынгерлер төтенше жағдай мен тосын оқиғаның алдын алып, өздерінің нағыз ержүрек жауынгерлер екенін дәлелдеп келеді, — дейді№ 6655 әскери бөлімінің бөлініс бастығы Нияз Сәдуақасов.

Бұл күні жауынгерлік міндетін адал атқарып,марапатқа ие болғандардың бірі — Ерболат Топанұлы.

— Елінің тыныштығын күзетіп, Отанын қорғау — әрбір ер-азаматтың борышы. Мен 2012 жылы Петропавл қаласындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық ұлан әскери институтын тәмамдап, сол жылы Ақтөбе қаласындағы №6655 әскери бөліміне қызметке орналастым. Қазіргі таңда біздің Ұлттық ұлан қатарындағы жауынгерлер қоғамдық тәртіпті күзету, маңызды мемлекеттік объектілерді қорғауда өз үлестерін қосуда, — дейді тәрбие және әлеуметтік құқықтық бөлімше бастығының көмекшісі Ерболат Топанұлы.  

Салтанатты шара концерттік бағдарламаға ұласты.

Ақбота ҚАЛДЫБЕК.

Басқа жаңалықтар

Back to top button